ҚХФ баспасөз қызметі чемпионат барысында өз командаларының жетістігіне ең елеулі үлес қосқан ойыншылар туралы жарияланымдар топтамасын жалғастырады.
Екінші рет қатарынан «Сарыарқа» ойыншысы тур қаһарманы атанды. Қарағандылықтар «Құлагермен» екі мықты матч өткізіп, қарсыластың қақпасына 17 гол салды. Бұл ойынның басты кейіпкерлерінің бірі өз қоржынына 8 (2+6) ұпай жазған Владислав Кулиев болды. Бірінші кездесуде шабуылшы дубль жасап, оның бірі командаға жеңіс әкелді. Екінші текетіресте Владислав өз командаластары Рахманов пен Аноховскийге бес рет нәтижелі пас берді.
Александр Макрицкийдің ұжымы қатарынан алты рет жеңіске жетіп, чемпионат үздіктерінің үштігіне бекіді. Кулиевтің өзі ProLigasy үздік бомбардирлерінің тізімінде үшінші орынға шықты.