Тур матчтарының аңдатпасы

7 jeltoqsan
2002

Pro Ligasy командалары кубоктік сегіздікке ену жолында тартысты жалғастыруда.

«Сарыарқа» - «Құлагер»

Қарағандылықтар өзінің жеңістер сериясын әзірге бабы аса келіңкіремей тұрған «Құлагермен» текетіресте жалғастыруға тырысады. Петропавлдықтар соңғы алты матчтың бесеуінде жеңілді, дегенмен плей-офф аймағында өздерін жайлы сезінуде.

«Алматы» - «Теміртау»

«Теміртау» Өскеменге жасаған сәтсіз сапарынан кейін оңтүстік астанаға оралды. «Алматы» мен «Теміртаудың» металлургтер қаласында кездескеніне көп уақыт өткен жоқ, сол кезде алаң иелері екі рет жеңіске жеткен болатын.

«Алтай Торпедо» - «Горняк»

Қос команда да сегіздікке ену үшін күресті жалғастыруда. Сондықтан турнир кестесіндегі көршілердің алдағы кездесулері қос ұжым үшін де маңызды болмақ.

«Арлан» - «Бейбарыс»

Турдың негізгі текетіресі Көкшетауда өтеді: онда чемпионаттың бірінші және екінші командасы ойнайды. Алаң иелері кезекті қарсыласпен кездесуге төрт жеңіспен келіп отыр. Ал атыраулықтар соңғы он матчының тоғызында жеңіске жетті.