ҚХФ баспасөз қызметі чемпионат барысында өз командаларының жетістігіне ең көп үлес қосқан ойыншылар туралы жарияланымдар топтамасын жалғастырады.
Кезеңнің негізгі жекпе-жегі Қарағандыда өтті. «Сарыарқа» өз алаңында «Номадты» екі рет жеңді (7:6 Б және 3:2). Осы жеңістердің негізгі авторларының бірі – алаң иелерінің шабуылшысы Никита Аноховский.
Бірінші текетіресте ол 6 ұпай жинады: ойынның хет-тригін өз есебіне жазды (артық құраммен екі рет көзге түсті), сондай-ақ жеңіс буллитінің авторы атанды. Бұл ретте «Сарыарқа» кездесу барысынша үш шайба артта қалып келе жатқан жерінен есе қайтарды. Екінші матчта Аноховский нәтижелі пас беріп, Владислав Кулиев жеңіс шайбасын салды.
Екі табысты ойынының арқасында қарағандылықтар турнир кестесінде «көшпенділерді» басып озып, үздіктер үштігінің құрамына оралды.