Өскемендегі қарымта, Павлодардағы сойқан

6 jeltoqsan
2849

«Торпедо» «Ақтөбемен» матчтағы кешегі жеңілісі үшін сенімді түрде қарымта қайтарды. «Бейбарыс» тағы да «Ертісті» тырп еткізбеді.

«Торпедолықтар» «Ақтөбемен» екінші жекпе-жекте қорғаныста мығым ойнады. Бұл еш қиналмастан жеңіске жетуге мүмкіндік берді. Артём Лихотников дубль жасады, қақпашы Андрей Янков кезекті мықты матчын өткізіп, қақпаға бағытталған 49 соққыға тойтарыс берді және бір нәтижелі пас берді.

«Торпедо» - «Ақтөбе» 5:1 (1:0, 2:0, 2:1)

1:0 – 16:52 – Лихотников (Шин, Кучин) ГБ

2:0 – 24:44 – Лихотников ГМ

3:0 – 27:23 – Кучин (Бельгибаев, Дзедаев)

3:1 – 49:55 – Кутугин (Зубковский, Скатов) ГБ

4:1 – 50:53 – Гренц (Таталин, Шин) ГБ

5:1 – 59:00 – Гурин (Янков, Куянов)

Қақпашылар: Янков – Шаров (Тихонов, 28:54-60:00)

«Бейбарыс» бірінші кезеңде-ақ павлодарлық көрерменді төрт рет сан соқтырды. Нәтижесінде кездесу атыраулықтардың ірі жеңісімен аяқталды. Алексей Клочков пен Иван Степаненко екі нәтижелі соққыдан салды.

«Ертіс» - «Бейбарыс» 2:9 (0:4, 1:3, 1:2)

0:1 – 01:25 – Клочков (Титов, Колесников)

0:2 – 11:11 – Литвинов (Кожевников)

0:3 – 12:55 – Клочков (Титов)

0:4 – 16:20 – Москалев (Ананичев Ал., Ананичев Ар.)

1:4 – 25:32 – Белашов (Айдаш, Билимбаев)

1:5 – 29:47 – Титов (Колесников, Клочков) ГБ

1:6 – 33:29 – Степаненко (Воробьев) ГБ

1:7 – 36:55 – Степаненко (Бурделёв, Воробьев)

1:8 – 44:19 – Иванов (Бурделёв, Воробьев)

1:9 – 49:05 – Москалев (Ананичев Ал.)

2:9 – 57:16 – Айдаш (Атаханов)

Қақпашылар: Забродин (Мельников, 33:29-60:00) – Базарбеков (Шевченко, 29:47-60:00)