«Ертіс» «Снежные Барсы» ұжымын бір ғана ұпаймен жеңді, «Сарыарқа» өз алаңындағы алғашқы матчта жеңіске жетті. «Алматы» үшінші кезеңде нәтиже көрсетіп, «Алтай Торпедоны» басып озды.
«Снежные Барсы» мен «Ертіс» арасындағы екінші кездесудің тағдырын қонақтар салған бір шайба шешті. Кездесудің басты қаһармандары Юсуп Асуханов пен маусымдағы екінші құрғақ матчты өз есебіне жазған павлодарлықтардың қақпашысы Артём Микушин болды. Оның қоржынында 32 сейв бар.
"Снежные Барсы" – "Ертіс" 0:1 (0:1, 0:0, 0:0)
0:1 – 09:10 – Асуханов (Макуцкий, Путилов)
Қақпашылар: Павленко – Микушин
"Сарыарқа" үшін өз алаңындағы жеңістердің бастауы «Арланмен» кездесу болды. Алаң иелері екінші кезеңде екі рет көпшілік құраммен гол салып, қорғаныста сенімді ойнады. Қақпашы Олег Шилин 21 соққыға тойтарыс берді.
"Сарыарқа" – "Арлан" 3:1 (0:0, 3:1, 0:0)
1:0 – 24:55 – Нургалиев (Желнеровский, Анохин)
1:1 – 27:43 – Бердников В. (Ермолаев, Колесников) ГБ
2:1 – 29:10 – Зиазов (Жайлауов, Сиксна) ГБ
3:1 – 38:44 – Жайлауов (Зиазов, Сиксна) ГБ
Қақпашылар: Шилин – Демидов
"Алматы" нәтижелі үшінші кезеңнің арқасында «Алтай Торпедоны» тізе бүктірді. Никита Баженов дубль жасап, Владимир Волков нәтижелілігі үшін үш ұпай жинады. Қонақтар құрамындағы голкипер Владислав Нурек те шайба жеткізіп, жеңіске атсалысты.
"Алматы" – "Алтай Торпедо" 5:1 (0:0, 2:1, 3:0)
1:0 – 22:07 – Баженов (Ефимов, Волков)
2:0 – 28:40 – Волков (Борисов, Бутузов)
2:1 – 33:01 – Худяков (Караваев, Нурек В.)
3:1 – 44:05 – Баженов (Буяльский)
4:1 – 45:52 – Буяльский (Борисов, Ипатов)
5:1 – 49:01 – Писарев (Волков, Бутузов)
Қақпашылар: Полуэктов – Нурек В.