Көкшетаудағы сойқан, Өскемендегі буллиттер

5 jeltoqsan
3673

Гусейновтің хет-тригі «Теміртауды» Өскемендегі жеңілістен құтқара алмады. «Бейбарыс» «Ертісті» еш саспастан жеңді. «Торпедо» мен «Ақтөбе» негізгі уақыттан асып түсті. «Құлагер» «Арланға» қарсы шара қолдана алмады. «Горняк» «Алматыдан» қарымта қайтарды. «Сарыарқа» «Номадтың» бетін қайтарды.

«Теміртау» екі шайба алда келе жатқанына қарамастан, «Алтай Торпедоға» қарсы матчта жеңісті уыстан шығарып алды. Сүйсінерлігі сол, үш голды да Муса Гусейнов салды. Алайда өскемендіктер 20 минуттан сәл артық уақыт ішінде кездесуді «төңкеріп», сенімді түрде жеңіске жетті.

«Алтай Торпедо» - «Теміртау» 5:3 (0:0, 3:3, 2:0)

1:0 – 27:10 – Шапорев (Петросян, Лагунов)

1:1 – 31:03 – Гусейнов (Штайгер, Селиванов)

1:2 – 31:46 – Гусейнов (Попов)

1:3 – 34:39 – Гусейнов (Попов)

2:3 – 37:13 – Рыжих (Буденчук)

3:3 – 39:45 – Хоменко (Архипов)

4:3 – 41:04 – Каиров (Назаренко)

5:3 – 53:28 – Перов (Каиров, Лагунов)

Қақпашылар: Рейзвих – Еремеев

«Ертіс» ойыншылары тағы да үшінші кезеңде осалдық танытты. Ал атыраулықтар, керісінше, үшінші кезеңде екпінді үдетіп, еш саспастан жеңіске жетті. Жеңіс шайбасы Никита Титовқа тиесілі.

«Ертіс» - «Бейбарыс» 1:5 (0:1, 1:1, 0:3)

0:1 – 05:09 – Бурделёв (Воробьев)

1:1 – 34:00 – Своеволин (Герасимов)

1:2 – 35:40 – Титов (Колесников, Болякин)

1:3 – 42:13 – Григоркевич (Степаненко, Бурделёв) ГБ

1:4 – 46:26 – Колесников

1:5 – 49:30 – Кузнецов (Колесников, Дыньков)

Қақпашылар: Штукерт (Забродин, 49:30-60:00) – Мальгин (Шевченко, 54:49-60:00)

«Торпедо» мен «Ақтөбе» жеңімпазды тек буллиттер сериясында анықтады. Негізгі уақытта командалар тең түсті. Матчтан кейінгі соққылар сериясында қонақтар дәлірек көздеді. «Ақтөбеге» жеңіс әкелген – Михаил Попов.

«Торпедо» - «Ақтөбе» 3:4 Б (1:1, 1:2, 1:0, 0:0, 0:1)

1:0 – 01:42 – Игнашин (Шитиков)

1:1 – 09:59 – Скатов (Панков, Зинченко)

1:2 – 26:51 – Зинченко ГМ

2:2 – 29:36 – Кучин (Гренц, Громов) ГБ

2:3 – 35:40 – Воронин (Панков, Ермолаев)

3:3 – 42:57 – Галиуллин (Игнашин, Шафигуллин)

3:4 – 65:00 – Попов

Қақпашылар: Полошков – Шаров

«Сарыарқа» тартысты жекпе-жекте «Номадтың» арынын басты. Кездесудің ортасында салынған Владислав Кулиевтің соққысы ойынның тағдырын шешті. Осы жеңісінің арқасында қарағандылықтар турнир кестесінде «көшпенділерді» басып озды.

«Сарыарқа» - «Номад» 3:2 (2:0, 1:2, 0:0)

1:0 – 02:13 – Рыбаков (Беляев)

2:0 – 09:02 – Яковлев (Хорошев, Рыбаков)

2:1 – 25:15 – Михнин (Гусейнов, Гатиятов) ГБ

3:1 – 30:21 – Кулиев (Аноховский)

3:2 – 37:04 – Гусейнов (Михнин) ГБ

Қақпашылар: Ибрагимов – Забродин

«Горняк» «Алматыдан» сенімді түрде қарымта қайтарды. Оңтүстікастаналық команда екінші кезеңнің соңына қарай әлсіреді, ал рудныйлықтар бір минуттан аз уақыт ішінде қарсыласты екі рет сан соқтырды.

«Алматы» - «Горняк» 1:4 (0:1, 0:2, 1:1)

0:1 – 15:21 – Кротов (Катков, Рябоконов)

0:2 – 38:47 – Москалев (Щанкин) ГМ

0:3 – 39:33 – Юлбарисов (Щанкин, Ханьжин) ГБ

0:4 – 45:07 – Кротов (Москалев) ГБ

1:4 – 51:28 – Баженов (Филиппенко, Крашенинин)

Қақпашылар: Полуэктов – Акулинин

«Арлан» бірінші кезеңде соққыны боратып, «Құлагерді» есеңгіретіп тастады. Петропавлдықтар мұндай екпінге шыдас бере алмады, дегенмен құрғақ жеңілістен құтылды.

«Арлан» - «Құлагер» 6:1 (6:0, 0:1, 0:0)

1:0 – 00:39 – Меньщиков (Евдокимов, Карабань)

2:0 – 04:27 – Граборенко (Половников, Старцев)

3:0 – 04:57 – Лукин (Евграфов, Бердников)

4:0 – 06:03 – Евдокимов (Карабань, Меньщиков)

5:0 – 11:55 – Пархоменко (Михайлов, Боровков)

6:0 – 18:28 – Бердников ГБ

6:1 – 38:27 – Хасенов (Поляничев)

Қақпашылар: Зыкин (Румянцев, 40:00-60:00) – Грязнов (Токпан, 04:57-20:00)