Аноховскийдің покері, Алтай Торпедоның құрғақ жеңісі. 4 желтоқсандағы матчтарға шолу

4 jeltoqsan
2134

«Алтай Торпедо» «Теміртауға» қарсы матчта құрғақ жеңіске жетті. «Арлан» «Құлагерді» тырп еткізбеді. «Алматы» мен «Горнякқа» негізгі уақыт жеткіліксіз болды. «Сарыарқа» буллиттер сериясында «Номадтан» жеңісті жұлып әкетті.

Матчтағы шешуші сәттерге соңғы кезеңде куә болдық. Өскемендіктер бойды тіктеп, екпінін күшейтті. Нәтижесінде «Теміртау» қақпасына үш шайба аттанды. Герман Шапорев дубль жасады. «Алтай Торпедоның» қақпашысы Эдуард Рейзвих қақпаға бағытталған 35 соққының барлығына тойтарыс берді.

«Алтай Торпедо» - «Теміртау» 4:0 (0:0, 1:0, 3:0)

1:0 – 29:26 – Архипов (Буденчук, Рыжих)

2:0 – 48:04 – Шапорев (Петросян, Быков)

3:0 – 54:26 – Шапорев (Петросян)

4:0 – 55:35 – Перов (Буденчук, Рифель)

Қақпашылар: Рейзвих – Еремеев

«Номад» «Сарыарқамен» кездесуді сергек бастап, бірінші кезеңнің ортасына қарай үш шайба алда келе жатты. Алайда әрі қарай ойыншылардың аластатылуы «көшпенділерді» әлсіретті. «Сарыарқа» үш рет артық құрам ұйымдастырып, ойынға оралды. Нәтижесінде жеңімпаз буллиттер сериясында ғана анықталды. Мұнда алаң иелері дәлірек көздеді. Қарағандылықтар құрамынан Никита Аноховский негізгі уақытта үш шайба дарытып, жеңіс буллитін де өзі салды.

«Сарыарқа» - «Номад» 7:6 Б (1:3, 3:1, 2:2, 0:0, 1:0)

0:1 – 04:07 – Несветаев (Пархоменко)

0:2 – 06:05 – Несветаев (Зубов, Марков)

0:3 – 09:08 – Бойко (Гатиятов)

1:3 – 12:04 – Рахманов (Аноховский, Кулиев) ГБ

2:3 – 20:18 – Аноховский (Кулиев, Рахманов) ГБ

2:4 – 32:29 – Бойко (Пелевин)

3:4 – 33:08 – Аноховский (Кулиев)

4:4 – 37:15 – Кожевников (Ларионов, Федоров)

5:4 – 42:57 – Кулиев (Хорошев, Аноховский)

5:5 – 43:37 – Волосенков (Мусоров, Мухаметов)

6:5 – 44:40 – Аноховский (Кулиев, Сиксна) ГБ

6:6 – 47:12 – Тарасенко (Марков)

7:6 – 65:00 – Аноховский ПБ

Қақпашылар: Селивёрстов – Калмыков (Забродин, 42:57-60:00)

«Горняк» пен «Алматы» матчы да тартысты өтіп, нәтижелі кездесу болды. Ойын буллиттер сериясымен аяқталды. Бүгін жеңіс алматылықтарға бұйырды. Шешуші соққы Данила Левановқа тиесілі.

«Алматы» - «Горняк» 4:3 Б (1:3, 2:0, 0:0, 0:0, 1:0)

1:0 – 02:24 – Бухаров (Сейфулов, Цуриков)

1:1 – 09:21 – Ханьжин (Куршук, Шетле) ГБ

1:2 – 10:17 – Гурьев ГМ

1:3 – 12:41 – Нурек (Ширяев, Галимов) ГБ

2:3 – 22:19 – Лобанов (Ипатов)

3:3 – 26:29 – Ипатов (Филонов, Лобанов)

4:3 – 65:00 – Леванов

Қақпашылар: Короваев – Акулинин

«Арлан» «Құлагерге» қарсы матчта қорғаныста мығым ойнады. Бұл тактика көкшетаулықтарға кезекті жеңісті сыйлады. Данила Карабань дубль жасады. Қақпашы Дмитрий Зыкин 21 соққыға тойтарыс берді.

«Арлан» - «Құлагер» 4:1 (1:0, 2:1, 1:0)

1:0 – 11:57 – Карабань (Евдокимов, Меньщиков)

2:0 – 23:17 – Пархоменко (Граборенко, Волгин)

3:0 – 24:51 – Карабань (Бердников, Евграфов)

3:1 – 38:06 – Рамазанов (Логинов, Первухин) ГБ

4:1 – 52:59 – Терещенко

Қақпашылар: Зыкин – Нечвиенко