«Торпедо» мен «Бейбарыстың» екінші текетіресінде өскемендіктер тер төгіп, қарымта қайтарды. «Ақтөбе» Павлодардан төрт балмен қайтты.
Алаң иелері өз сәттерін ұтымды пайдаланып, кездесудің екінші жартысында қорғаныста мығым ойнады. Жеңіс шайбасының авторы – Дмитрий Гренц. Қақпашы Иван Полошков қақпаға бағытталған 16 соққыға тойтарыс берді.
«Торпедо» - «Бейбарыс» 3:1 (2:0, 1:0, 0:1)
1:0 – 05:28 – Дзедаев (Дерзаев, Таталин)
2:0 – 17:59 – Гренц (Лихотников)
3:0 – 22:16 – Шин (Лихотников, Гренц) ГБ
3:1 – 44:09 – Колесников
Қақпашылар: Полошков – Мальгин
«Ертіс» «Ақтөбемен» матчтың алғашқы кезеңін жақсы өткізді. Алайда қонақтар екінші кезеңде екпіндетіп, ойын барысын басқа арнаға бұрды. Соңғы кезеңде қызыл-ақтар ойынды ірі есеппен аяқтады.
«Ертіс» - «Ақтөбе» 3:8 (3:1, 0:4, 0:3)
0:1 – 02:25 – Тесленко (Панков, Зинченко) ГБ
1:1 – 05:03 – Камбулов (Гасников)
2:1 – 08:37 – Айдаш (Атаханов)
3:1 – 18:27 – Айдаш (Атаханов, Нестеров)
3:2 – 24:21 – Киселёв (Потайчук)
3:3 – 29:34 – Воронин (Киселёв) ГБ
3:4 – 29:55 – Харькин ГМ
3:5 – 35:48 – Киселёв (Ермолаев)
3:6 – 51:04 – Потайчук (Ковзалов, Кутугин)
3:7 – 51:26 – Ермолаев
3:8 – 59:21 – Панков (Беляев, Воронин)
Қақпашылар: Микушин (Забродин, 51:26-60:00) – Тихонов (Шаров, 20:00-60:00)