Номадтың қатарынан 12-ші жеңісі, Бейбарыс бірінші орында

1 jeltoqsan
2229

«Ақтөбе» Павлодарда таңғажайып камбэк жасады. «Бейбарыс» тартысты кездесуде «Торпедодан» жеңісті жұлып әкетті. «Номад» «Горнякты» ірі есеппен жеңді.

«Ертіс» пен «Ақтөбенің» матчы екі кезеңге бөлінді. Кездесудің ортасына дейін алаң иелері үстемдік құрып, қарсыласқа төрт шайба салып үлгерген болатын. Алайда әрі қарай павлодарлықтардың бабы бәсеңдеп, 20 минуттан аз уақыт ішінде қонақтар матчтың тағдырын түбегейлі басқа арнаға бұрды.

«Ертіс» - «Ақтөбе» 4:5 (1:0, 3:2, 0:3)

1:0 – 19:08 – Белашов (Ляпунов, Гасников)

2:0 – 23:09 – Белашов (Своеволин, Айдаш) ГБ

3:0 – 25:02 – Своеволин (Белашов, Пак)

4:0 – 32:04 – Сейтанов (Гуркин, Гасников) ГБ

4:1 – 35:16 – Тесленко (Кутугин, Зинченко)

4:2 – 39:27 – Зубковский (Воронин)

4:3 – 43:38 – Тесленко (Беляев, Зубковский)

4:4 – 46:16 – Панков (Ермолаев)

4:5 – 51:14 – Зинченко (Кутугин, Панков) ГБ

Қақпашылар: Микушин – Шаров (Тихонов, 23:09-60:00)

Ойын күнінің негізгі кездесуінде «Бейбарыс» соңғы минуттарда «Торпедодан» жеңісті жұлып алды. Бұл кездесу овертаймға өтеді-ау дегенде, Никита Колесников нүкте қойды. Осы жеңісінен кейін атыраулық ұжым ProLigasy турнир кестесінде көшті бастады.

«Торпедо» - «Бейбарыс» 3:4 (0:2, 2:1, 1:1)

0:1 – 03:59 – Болякин (Ананичев Ар., Дыньков) ГБ

0:2 – 19:41 – Закарлюкин (Ишмаметьев, Гарифулин)

1:2 – 26:52 – Лихотников (Гренц, Таталин) ГБ

1:3 – 28:18 – Кожевников (Габазов)

2:3 – 30:25 – Ивашин (Дерзаев, Худяков)

3:3 – 57:33 – Шин (Гренц, Таталин) ГБ

3:4 – 59:33 – Колесников (Титов)

Қақпашылар: Рейзвих (Полошков, 28:18-60:00) – Мальгин

«Номад» тағы да «Горняктан» басым түсті. Александр Высоцкийдің командасы қатарынан 12-ші матчын жеңіп, чемпионат үздіктерінің үштігіне бекіді. Жеңімпаздар құрамынан Максим Мухаметов пен Захар Пархоменко дубльмен көзге түсті.

«Номад» - «Горняк» 6:1 (0:0, 3:1, 3:0)

1:0 – 22:14 – Пархоменко (Шохов, Зубов)

1:1 – 25:00 – Ханьжин (Куршук) ГБ

2:1 – 33:06 – Пелевин (Рунов)

3:1 – 35:27 – Мухаметов (Пелевин, Бекетаев) ГМ

4:1 – 40:40 – Мухаметов (Бекетаев, Александров)

5:1 – 47:40 – Бойко (Тетерин, Михнин)

6:1 – 54:11 – Пархоменко (Зубов, Марков)

Қақпашылар: Шутов – Акулинин