Қарашаның үздік ойыншылары

1 jeltoqsan
1862

Назарларыңызға қарашаның қорытындысы бойынша Қазақстан чемпионатының үздік ойыншыларының тізімін ұсынамыз.

Үздік қақпашы – Дмитрий Мальгин («Бейбарыс»)

Тәжірибелі голкипер өз командасының чемпионаттағы жетістігіне үлес қосушылардың бірі. Қарашада Мальгин 7 матчтың 5-еуін жеңді, орта есеппен 1,87 шайба өткізді. Тойтарылған соққылар пайызы – 93,3. Бір рет Дмитрий қақпасына қол тигізбестен, «құрғақ күйде» кетті.

Үздік қорғаушы – Александр Пелевин («Номад»)

«Көшпенділердің» капитаны осы айды нәтижелі өткізіп, өз командасына турнир кестесіндегі жағдайын жақсартуға елеулі ықпал етті. Қарашада Пелевин 9 матч бойынша 10 (5+5) балл жинап, пайдалылық көрсеткіші (+10) құрады. Бұл ретте Александр небәрі 2 айып минутын алды.

Үздік шабуылшы – Диас Атаханов («Ертіс»)

«Ертістің» шабуылдағы басты ойыншыларының бірі чемпионаттың аутсайдеріне жан-жақты пайдасын тигізуде. Диас қараша айындағы 10 матчтың 6-ауында нәтижелі іс-қимылдарымен көзге түсті, ол 11 (5+6) балл жинады. Оның үстіне, Атаханов бағыттаған 172 соққысының 110-ын (64%-ға жуық) жетер жеріне жеткізгенін айт кету керек.

Үздік жас ойыншы – Диас Гусейнов («Номад»)

Дарынды форвард ересектер деңгейінде бір айын өткізіп, қарашаның қорытындысы бойынша Лиганың үздік бомбардирлерінің қатарына енді. Диас 9 кездесуде 11 (4-7) балл жинап, пайдалылық көрсеткіші (+10) құрады.