30 қарашадағы матчтарға шолу

30 qarasha
2652

«Номад» «Горнякты» ойсырата жеңді. «Сарыарқа» «Снежные Барсы» командасын сенімді түрде жеңді.

«Номад» елордадағы текетірестің бірінші матчында «Горнякты» тырп еткізбеді. Рудныйлықтар қақпасына тоғыз жауапсыз шайба аттанды. Захар Пархоменко хет-трик жасады. «Көшпенділердің» қақпашысы Андрей Шутов қақпаға бағытталған 28 соққыға тойтарыс берді.

«Номад» - «Горняк» 9:0 (3:0, 3:0, 3:0)

1:0 – 02:47 – Александров (Бекетаев, Пелевин)

2:0 – 04:06 – Пархоменко (Зубов)

3:0 – 17:16 – Пелевин (Рунов) ГМ

4:0 – 23:40 – Пархоменко (Несветаев, Марков)

5:0 – 26:24 – Волосенков (Михнин, Гатиятов)

6:0 – 37:00 – Пархоменко (Зубов, Марков)

7:0 – 44:07 – Гусейнов (Гатиятов) ГБ

8:0 – 54:05 – Михнин (Бекетаев, Пелевин) ГМ

9:0 – 56:59 – Гусейнов (Гатиятов)

Қақпашылар: Шутов – Акулинин (Скрынников, 24:40-60:00)

«Сарыарқа» «Снежные Барсы» командасымен екінші жекпе-жекте осалдық танытпады. Бірінші кезеңде-ақ елордалық команданың қақпасына төрт шайба аттанды. Қонақтар мұндай соққылардан кейін ес жия алмай қалды. Әйтсе де Истоминнің ойыншылары құрғақ жеңілістен құтылды. Жеңімпаздар құрамынан Кирилл Кожевников дубль жасап, көзге түсті.

«Сарыарқа» - «Снежные Барсы» 5:2 (4:0, 1:1, 0:1)

1:0 – 01:48 – Ларионов (Федоров, Анохин)

2:0 – 04:43 – Федоров (Кожевников, Хорошев)

3:0 – 09:20 – Рахманов (Аноховский, Грымзин)

4:0 – 13:45 – Кожевников (Федоров, Хорошев)

5:0 – 28:05 – Кожевников (Нургалиев)

5:1 – 31:42 – Нурлан (Шетле, Логвин)

5:2 – 59:44 – Оспанов (Логвин, Нурлан)

Қақпашылар: Ибрагимов – Павленко (Шефер, 09:20-60:00)