Сарыарқа Александр Макрицкий жетекшілік еткен алғашқы матчта Снежные Барсы командасын әрең жеңді

29 qarasha
1935

Жаңа басшы жетекшілік еткен алғашқы жекпе-жекте «Сарыарқа» «Снежные Барсы» командасын жеңу үшін біршама тек төкті.

Алғашқы кезеңде қарсыластар тең түсті, алайда әрі қарай алаң иелері өз сәттерін ұтымды пайдаланып, осымен матчтың тағдыры шешілді-ау дегенде, елордалық жас ұжым қарсыласқа соққы боратты. Сондықтан «Сарыарқаға» ойынды жеңіспен аяқтау үшін үлкен күш салуға тура келді. Жеңіс шайбасының авторы – Иван Безруков.

«Сарыарқа» - «Снежные Барсы» 3:2 (1:1, 2:1, 0:0)

1:0 – 09:16 – Рахманов (Аноховский)

1:1 – 17:19 – Кайыржан (Ермак)

2:1 – 21:40 – Зеленков (Данияр) ГМ

3:1 – 23:37 – Безруков (Данияр)

3:2 – 39:35 – Нурлан (Оспанов)

Қақпашылар: Селивёрстов – Павленко