Номад үштікте, Теміртауды кубоктік аймақтан бір қадам бөліп тұр

26 qarasha
2124

«Сарыарқа» елордада екінші рет жеңілді. «Теміртау» «Алматыны» сенімді түрде жеңді.

«Номад» пен «Сарыарқа» арасындағы кездесудің негізгі оқиғалары бірінші кезеңде орын алды. Қонақтар капитаны Эдгарс Сикснаның арқасында есеп ашты. Әрі қарай Станислав Александров пен Денис Михниннің дөп соққылары «көшпенділердің» үстемдігін арттырып, бұл көрсеткіш финалдық ысқырық естілгенше сақталды. «Номадтың» қақпашысы Андрей Шутов 31 соққыға тойтарыс берді. Елордалық ұжым үздіктер үштігіне енді.

«Номад» - «Сарыарқа» 2:1 (2:1, 0:0, 0:0)

0:1 – 02:46 – Сиксна

1:1 – 06:31 – Александров (Асетов)

2:1 – 18:16 – Михнин (Гусейнов) ГМ

Қақпашылар: Шутов – Селивёрстов

«Теміртау» бірінші кезеңді екпіндетіп өткізіп, «Алматыны» тырп еткізбеді. Жеңіс шайбасы Дмитрий Пресновқа тиесілі. Қонақтар құрамынан жақында ойыншы ретінде мансабын қайта қолға алған Андрей Спиридонов гол салды.

«Теміртау» - «Алматы» 5:1 (3:0, 1:1, 1:0)

1:0 – 01:07 – Шафеев (Волков, Росляков)

2:0 – 15:53 – Преснов (Волков, Киселёв) ГБ

3:0 – 18:18 – Штайгер (Попов, Гусейнов) ГБ

3:1 – 24:07 – Спиридонов (Ипатов, Баженов) ГБ

4:1 – 25:32 – Жорабек (Пономарёв, Асуханов)

5:1 – 52:00 – Гусейнов (Попов, Потапов)

Қақпашылар: Еремеев – Короваев (Шалманов, 52:00-60:00)