Старцев Арланда, Поляничев Құлагердің сапын толықтырды

22 qarasha
3219

Назарларыңызға Pro Ligasy командаларының бүгінгі таңдағы трансферлік жаңалықтарын ұсынамыз.

Кирилл Старцев мансабын «Арланда» жалғастырады. Тәжірибелі әрі шебер шабуылшы ағымдағы тұрақты чемпионат барысында өткен маусымда өзі тамаша өнер көрсеткен «Бейбарысқа» оралды. Қазір форвард өміріндегі жаңа кезеңге аяқ басты, ал көкшетаулықтар онсыз да мығым шабуыл шебін нығайтты.

Роман Поляничев «Құлагер» сапын толықтырды. Тольяттилік «Ладаның» тәрбиеленушісі петропавлдықтар қатарына қосылды және жаңа командасына ұпай әкеп үлгерді. «Теміртауға» қарсы жеңіске жеткен матчта Поляничев дубль жасады және бір нәтижелі пас берді.