Жігерлі Алматы, Петропавлдағы қарымта

22 qarasha
1967

«Құлагер» «Теміртаудан» сенімді түрде қарымта қайтарды. Баженов пен Ипатов салған хет-триктердің арқасында «Алматы» «Ақтөбеге» қарсы жігерлі ойын көрсетті. «Бейбарыс» нәтижелі матчта «Ертісті» жеңіп кетті.

Екінші текетіресте петропавлдықтар шайба салуды соңына қалдырмай, кезеңдер бойы металлургтар қаласынан келген қонақтарды еш қиналмастан жеңді. «Құлагердің » жаңа ойыншысы Роман Поляничев дубльмен көзге түсті.

«Құлагер» - «Теміртау» 6:2 (2:1, 1:1, 3:0)

0:1 – 05:35 – Гусейнов (Лазарев, Селиванов)

1:1 – 08:47 – Наместников (Поляничев, Ахметов)

2:1 – 15:06 – Казаченко (Наместников, Васильев) ГБ

2:2 – 29:47 – Уколов (Киселёв, Белоцкий)

3:2 – 34:52 – Поляничев (Ахметов)

4:2 – 42:22 – Макеев (Казаченко, Пальмтаг)

5:2 – 47:03 – Логинов (Первухин, Репин) ГБ

6:2 – 50:28 – Поляничев (Власов, Рамазанов)

Қақпашылар: Грязнов – Еремеев

«Ақтөбе» мен «Алматы» нағыз атыс ұйымдастырды. Ойынның 24-ші минутында алаң иелері үш шайба айырмашылығымен алды келе жатты, Алайда әрі қарай оңтүстікастаналық команда қатарынан бес шайба салып, ойынды жеңіспен аяқтады. «Алматының» бірден екі ойыншысы осы кездесуде хет-трик жасады. Қарсыласты үш реттен «нағыз» хет-трик жасаған Никита Баженов және Вячеслав Ипатов састырды.

«Ақтөбе» - «Алматы» 4:6 (3:1, 1:3, 0:2)

0:1 – 12:52 – Ипатов

1:1 – 16:39 – Попов (Панков, Ермолаев)

2:1 – 17:43 – Скатов (Зинченко) ГБ

3:1 – 19:55 – Скатов (Зинченко, Панков) ГБ

4:1 – 23:32 – Тесленко (Зубковский)

4:2 – 23:51 – Ипатов (Филонов)

4:3 – 35:27 – Баженов ГМ

4:4 – 39:26 – Баженов (Бурделёв)

4:5 – 51:01 – Баженов (Бурделёв, Леванов)

4:6 – 59:24 – Ипатов ГМ

Қақпашылар: Тихонов (Шаров, 40:00-58:17) – Полуэктов

«Бейбарыс» пен «Ертіс» бүгін қорғанысты ұмытып, атыраулық жұртшылықтың қуанышына орай, нәтижелі хоккей көрсетті. «Бейбарыс» жеңісті уыстан шығармады, алайда қарсыластың мығым қорғанысын төрт рет бұзған қонақтардың да ерлігін атап өткен жөн.

«Бейбарыс» - Ертіс» 8:4 (3:2, 3:0, 2:2)

0:1 – 02:51 – Своеволин (Пак)

1:1 – 04:02 – Кузнецов (Ананичев Ал., Клочков)

1:2 – 04:33 – Своеволин (Белашов)

2:2 – 06:09 – Москалев (Ананичев Ар.)

3:2 – 14:30 – Ананичев Ал. (Ишмаметьев, Ананичев Ар.) ГБ

4:2 – 24:55 – Клочков (Титов) ГБ

5:2 – 27:26 – Лоншаков (Шамбазов, Воробьев)

6:2 – 27:55 – Ананичев Ар. (Ананичев Ал., Кузнецов)

6:3 – 34:32 – Атаханов (Своеволин, Белашов) ГБ

7:3 – 46:09 – Рыжий (Воробьев)

8:3 – 47:36 – Клочков (Кузнецов, Титов)

8:4 – 51:34 – Гасников (Ляпунов, Аветисов) ГМ

Қақпашылар: Базарбеков (Шевченко, 50:46-60:00) - Микушин (Штукерт, 27:26-60:00)