«Ертіс» «Снежные барсы» командасын жеңіп кетті. 4 қарашадағы матчқа шолу

4 qarasha
1267

«Ертіс» «Снежные Барсы» командасының екпінін басып, төрт матчқа созылған жеңілістер сериясын тоқтатты.

Бүгін өткен жалғыз кездесуде «Ертіс» «Снежные Барсы» ұжымынан басым түсті. Павлодарлықтар ойынның көп бөлігінде есеп бастап, ойынның барысын өз бақылауында ұстады. Алайда итжығыс түскен сәттер де аз болмады. Елордалық ұжымның есеп айырмашылығын азайтып, ойынды овертаймға ауыстыруға барлық мүмкіндігі болды. Дегенмен қонақтардың шешуші сәттерде қорғанысы мықты болып, соңғы бес кездесудегі алғашқы жеңістеріне қол жеткізді.

"Снежные Барсы" – "Ертіс" 2:3 (0:2, 0:1, 2:0)

0:1 - 13:09 - Габдуллин (Машинец, Игнатенко)

0:2 - 15:40 - Жиляков (Самойлов, Волгин) ГБ

0:3 - 38:53 - Шетле (Волгин, Игнатенко)

1:3 - 48:28 - Диханбек (Гусейнов, Бутенко) ГБ

2:3 - 56:52 - Мусоров (Сайко, Гусейнов)

Қақпашылар: Павленко – Полошков