Петропавлдағы буллиттер, Бейбарыс турнир кестесінің көшін бастады

21 qarasha
1945

«Құлагер» мен «Теміртау» жеңімпазды буллиттер сериясында анықтады. «Ақтөбе» «Алматының» арынын бастады. «Бейбарыс» «Ертісті» ойсырата жеңді.

Петропавлдықтарға негізгі уақытта жеңуге небәрі төрт секунд жетпей қалды. Ойын буллиттер сериясына өтіп, онда «теміртаулықтар» дәлірек көздеді. Кездесудің басты қаһарманы ойынды алдымен овертаймға айналдырған, ізінше шешуші соққыны жасаған Кирилл Попов болды.

«Құлагер» - «Теміртау» 2:3 Б (0:1, 1:0, 1:1, 0:0, 0:1)

0:1 – 12:47 – Асуханов

1:1 – 26:50 – Наместников (Васильев, Казаченко)

2:1 – 40:42 – Репин (Первухин)

2:2 – 59:56 – Попов (Селиванов, Белоцкий)

2:3 – 65:00 – Попов ПБ

Қақпашылар: Нечвиенко – Еремеев

«Ақтөбе» «Алматымен» кездесу барысында екі рет есеп бойынша артта қалды. Алайда үшінші кезеңде алаң иелері қимылды ширатып, ойынды өз пайдасына шеше білді. Жеңіс шайбасының авторы – Александр Панков.

«Ақтөбе» - «Алматы» 4:2 (0:1, 1:0, 3:1)

0:1 – 14:31 – Филонов (Машинец, Ипатов)

1:1 – 32:28 – Попов (Егоров, Ермолаев)

1:2 – 46:41 – Галеев (Ипатов, Филонов)

2:2 – 52:21 – Егоров (Потайчук) ГБ

3:2 – 57:18 – Панков (Потайчук)

4:2 – 59:58 – Тесленко (Зинченко, Скатов)

Қақпашылар: Тихонов – Короваев

«Бейбарыс» «Ертісті» еш қиналмастан жеңіп салды және турнир кестесінде бірінші орынға шықты. Артём Гарифулин дубль жасады.

«Бейбарыс» - «Ертіс» 6:0 (2:0, 1:0, 3:0)

1:0 – 14:01 – Ананичев Ар. (Кузнецов)

2:0 – 19:01 – Титов (Лоншаков, Гарифулин)

3:0 – 26:44 – Лоншаков (Воробьев, Титов) ГБ

4:0 – 45:20 – Гарифулин (Кузнецов, Дыньков)

5:0 – 46:47 – Воробьёв (Лоншаков, Титов)

6:0 – 54:00 – Гарифулин (Закарлюкин, Кожевников) ГБ

Қақпашылар: Мальгин (Шевченко, 54:00-60:00) – Забродин (Штукерт, 46:47-60:00)