Сарыарқа Е тобын жеңіп, Құрлықтық кубоктің финалдық раундына шықты

21 qarasha
2579

Қарағандылық «Сарыарқа» Польшадағы турнирде үшінші жеңісіне жетті.

«Попрад» 34 соққыға тойтарыс берген Виктор Селивёрстовтің қақпасын ала алмады, «сарыарқалық» голкипер екінші құрғақ матчын өткізді. «Сарыарқаның» алаң ойыншылары төрт шайба салып, голкиперге көмек берді. Борисевич, Безруков, Аноховский және Рахманов бір-бір шайбадан салды.

Осылайша, «Сарыарқа» Е тобында бірінші орын иеленіп, Құрлықтық кубоктің финалдық раундына жолдама алды. Қорытынды турнир қаңтарда өтеді, орны кейінірек хабарланады.

«Сарыарқа» - «Попрад» 4:0 (1:0, 1:0, 2:0)

1:0 – 08:33 – Борисевич (Беляев)

2:0 – 20:24 – Безруков (Беляев)

3:0 – 43:12 – Аноховский (Зеленков)

4:0 – 49:41 – Рахманов (Аноховский)

Қақпашылар: Селивёрстов – Томек