Сарыарқа – Азиаго 4:2

20 qarasha
2241

Қарағандылық «Сарыарқа» Құрлықтық кубокте екінші матчын жеңді және турнирдің суперфиналынан үмітті екенін байқатты.

Қарағандылықтар кездесудің бірінші кезеңін мықты өткізді және үзіліске дейін Фёдоров, Аноховский және Зеленков бір-бір шайбадан салды. Марчетти екінші кезеңнің соңғы минутында италиялықтарды ойынға оралтты. Ал Джиннетти финалдық ысқырықтың естілуіне бес жарым минут қалғанда, есеп айырмашылығын минимумға дейін азайтты. Дегенмен, «Сарыарқа» өз дегенінде тұрды. Аноховский дубль жасап, қорытынды есеп орнатты.

«Сарыарқа» - «Азиаго» 4:2 (3:0, 0:1, 1:1)

1:0 – 08:06 – Фёдоров (Нургалиев)

2:0 – 10:49 – Аноховский (Анохин, Грымзин)

3:0 – 18:55 – Зеленков

3:1 – 39:22 – Марчетти

3:2 – 54:26 – Джиннетти (Мантенуто)

4:2 – 58:41 – Аноховский (Грымзин)

Қақпашылар: Селивёрстов – Валлини