Қарағандылық «Сарыарқа» Құрлықтық кубокте алғашқы матчтын жеңді.
Еске салайық, қазіргі Қазақстан чемпионының алғашқы қарсыласы польшалық «Краковия» болды. Степан Грымзин кездесудің бірінші кезеңі аяқталарда есеп ашты. «Сарыарқаның» үстемдігін Вадим Зеленков еселеді. Ойынның шартты қонақтарының голкипері Виктор Селивёрстов қақпаға бағытталған 18 соққыға тойтарыс берді.
«Краковия» - «Сарыарқа» 0:2 (0:1, 0:1, 0:0)
0:1 – 18:00 – Грымзин
0:2 – 23:41 – Зеленков (Кулиев)
Қақпашылар: Перевозчиков – Селивёрстов
Топтың басқа текетіресінде «Попрад» «Азиагоны» 3:1 есебімен жеңді. Жеңімпаздар құрамынан өскемендік «Торпедоның» экс-ойыншысы Майк Далхьюзен мен павлодарлық «Ертістің» экс-ойыншысы Патрик Свитана шайба салды.
Дәл бүгін Леонид Тамбиевтің командасы екінші матчын өткізеді. «Сарыарқаның» кезекті қарсыласы италиялық «Азиаго» болмақ. Кездесу Нұр-Сұлтан уақытымен 19:00-де басталады.