«Краковия» - «Сарыарқа»

19 qarasha
2886

Бүгін түнде қарағандылық «Сарыарқа» Құрлықтық кубок аясындағы алғашқы матчын өткізеді. Қазақстандық ұжымның қарсыласы – польшалық «Краковия».

«Краковия» Польшаның негізі ертеде қаланған, ең атақты клубтарының бірі. Соңғы жылдары команда польшалық Экстралигада ойнап жүр. Қазіргі таңда «Краковия» өз чемпионатында төртінші орында тұр. Рудольф Рогачектің ұжымы 32 балл жинап, бірінші қатарда келе жатқан «Катовицеден» сегіз ұпайға қалып келеді.

«Краковия» - «Сарыарқа» кездесуі 20 қараша күні Нұр-Сұлтан уақытымен 00:00-де басталады. Матчтың тікелей көрсетіліміне сілтеме пайда бола салысымен біз ресурстарымызға қосымша ақпаратты міндетті түрде жариялаймыз.