Торпедо мен Бейбарыс үштіктегі орындарын нығайтты, Ақтөбедегі сенсация

18 qarasha
2328

«Торпедо» Петропавлдан төрт балмен қайтты. «Ақтөбе» өз алаңында күтпеген жерден «Ертіске» жол берді. «Бейбарыс» «Алматыдан» тағы да басым түсті.

«Құлагер» тағы да «Торпедоның» тегеурініне төтеп бере алмады. Өскемендіктер бес рет нәтижелі шабуыл ұйымдастырып қана қоймай, қорғаныста да мығым ойнады. Дмитрий Громов пен Денис Куянов қарсыласты екі реттен қапы қалдырды, кезекті құрғақ матчты өз есебіне қақпашы Андрей Янков жазды.

«Құлагер» - «Торпедо» 0:5 (0:0, 0:2, 0:3)

0:1 – 30:12 – Громов (Кучин, Тютюньков Я.)

0:2 – 36:57 – Шин (Таталин, Гурин) ГБ

0:3 – 44:54 – Куянов (Колобов, Шитиков)

0:4 – 51:31 – Громов (Некряч, Лихотников) ГБ

0:5 – 58:10 – Куянов (Янков, Колобов) ГМ

Қақпашылар: Кадочников – Янков

«Ертіс» чемпионаттағы екінші жеңісіне қол жеткізді. Бүгін павлодарлықтар «Ақтөбеден» басым түсті. Шешуші шайбаның авторы – үшінші кезеңнің басында артық құраммен гол салған Данияр Білімбаев. Қонақтардың қақпашысы Артём Микушин 40 соққыға тойтарыс берді.

«Ақтөбе» - «Ертіс» 1:3 (0:0, 0:1, 1:2)

0:1 – 35:05 – Аветисов (Нестеров, Атаханов)

0:2 – 40:25 – Білімбаев (Гасников) ГБ

0:3 – 50:36 – Камбулов (Гасников)

1:3 – 53:15 – Тесленко (Зинченко, Егоров)

Қақпашылар: Тихонов – Микушин

«Бейбарыс» тағы да «Алматыдан» басым түсті. Шешуші голдар екінші кезеңде салынып, жеңіс шайбасын екінші кезеңнің аяқталуына он секунд қалғанда Егор Кожевников салды. Қорытынды кезеңде атыраулықтар есеп айырмашылығын сақтап, екі балл жинады. Осылайша турнир кестесінің аралық көшбасшысы «Арланға» жақындады.

«Бейбарыс» - «Алматы» 3:2 (1:1, 2:0, 0:0)

1:0 – 02:36 – Москалев (Ананичев Ал.)

1:1 – 08:24 – Бухаров (Бурделёв)

2:1 – 33:06 – Степаненко (Кожевников, Гатин)

3:1 – 39:50 – Кожевников (Закарлюкин) ГМ

3:2 – 44:45 – Бурделёв (Баженов) ГМ

Қақпашылар: Мальгин – Короваев