«Құлагер» өз алаңында «Торпедоға» тойтарыс бере алмады. «Ақтөбе» «Ертісті» еш қиналмастан жеңді. «Бейбарыс» пен «Алматы» екпінді хоккей көрсетті.
«Құлагермен» матчтың үшінші кезеңінің басында «Торпедо» ыңғайлы есеп айырмашылығын ортатты. Қарсыластар мұны пайдаланып, ойынға оралуға тырысты. Алайда қонақтар дер кезінде бой тіктеп, кезекті екі балды қанжығаға байлады. Жеңімпаздар құрамынан Дмитрий Михайлов көзге түсті.
«Құлагер» - «Торпедо» 2:4 (0:1, 0:1, 2:2)
0:1 – 14:00 – Шин (Шитиков, Игнашин) ГБ
0:2 – 37:56 – Михайлов (Козлов, Кучин)
0:3 – 43:31 – Шитиков (Громов, Шин)
0:4 – 43:53 – Михайлов (Лихотников)
1:4 – 50:02 – Макеев (Казаченко)
2:4 – 56:05 – Колесников (Первухин, Репин)
Қақпашылар: Кадочников (Токпан, 43:53-60:00) – Янков
«Ақтөбе» өз алаңында «Ертістен» еш именбеді. Белашовтың шайбасы қонақтарға құрғақ жеңілістен құтылуға көмектесті, алайда павлодарлықтар қарсыласқа соққы бората алмады.
«Ақтөбе» - «Ертіс» 5:1 (3:0, 0:1, 2:0)
1:0 – 03:42 – Тесленко (Зубковский, Скатов)
2:0 – 07:47 – Попов (Сошников, Беляев)
3:0 – 13:27 – Гуляков
3:1 – 31:31 – Белашов
4:1 – 53:23 – Скатов (Камерист, Ермолаев)
5:1 – 57:38 – Беляев
Қақпашылар: Тихонов – Штукерт
«Бейбарыс» екінші кезеңді екпіндетіп өткізіп, «Алматыны» сенімді түрде жеңді. Қарсыласты үш рет Алексей Клочков састырды.
«Бейбарыс» - «Алматы» 6:3 (0:1, 4:0, 2:2)
0:1 – 07:27 – Аргымбаев (Лобанов)
1:1 – 28:03 – Клочков (Колесников, Кузнецов)
2:1 – 29:53 – Москалёв (Ананичев Ал.)
3:1 – 36:09 – Гарифулин (Закарлюкин, Кожевников)
4:1 – 39:16 – Клочков (Кузнецов, Дыньков)
5:1 – 41:03 – Клочков (Кузнецов)
5:2 – 46:08 – Галеев (Леванов, Филонов)
6:2 – 47:29 – Кожевников (Старцев, Воробьев)
6:3 – 56:16 – Баженов (Спиридонов, Машинец)
Қақпашылар: Мальгин – Полуэктов (Шалманов, 41:03-60:00)