Номадтың құрғақ жеңісі, металлургтар қаласындағы буллиттер

15 qarasha
2217

«Номад» «Снежные Барсы» командасын тағы да ойсырата жеңді. «Арлан» буллиттер сериясында «Теміртаудан» жеңісті жұлып әкетті.

«Көшпенділер» ұяластарын тағы да аямады, осылайша «Снежные Барсы» қақпасына алты жауапсыз шайба аттандырды. Артур Гатиятов дубль жасап, көзге түсті. «Номад» матчтарын қатарынан сәтті өткізіп, турнир кестесінің үшінші орнына шықты.

«Снежные Барсы» - «Номад» 0:6 (0:1, 0:3, 0:2)

0:1 – 08:57 – Гатиятов (Диханбек, Гайтамиров)

0:2 – 26:39 – Марков (Александров, Комаров)

0:3 – 34:52 – Рунов (Гусейнов, Волосенков)

0:4 – 37:43 – Мусоров (Пархоменко, Мухаметов)

0:5 – 53:31 – Гатиятов (Бойко, Гайтамиров)

0:6 – 59:11 – Пархоменко

Қақпашылар: Павленко (Шефер, 40:00-60:00) – Амирбеков

Ойын уақытының 21 минутына жетпей, «Теміртау» мен «Арлан» бір-біріне үш шайбадан дарытып үлгерді. Әрі қарай бір-біріне гол салғызбай, жеңімпаз буллиттер сериясында анықталды. Александр Евграфов көкшетаулықтарға екі балл әкелді.

«Теміртау» - «Арлан» 3:4 Б (2:3, 1:0, 0:0, 0:0, 0:1)

0:1 – 03:05 – Жиляков (Тарасов, Кокшаров)

0:2 – 03:29 – Бердников (Евграфов, Лукин)

1:2 – 06:21 – Потапов (Гусейнов)

1:3 – 13:15 – Жиляков (Бердников, Гребенщиков)

2:3 – 15:14 – Штайгер

3:3 – 20:31 – Селиванов (Потапов, Штайгер)

3:4 – 65:00 – Евграфов ПБ

Қақпашылар: Каратаев – Зыкин