Номад «Снежные Барсы» командасынан басым түсті, Сарыарқа Торпедоны ойсырата жеңді

14 qarasha
2523

Руновтың хет-тригі «Номадқа» «Снежные Барсы» командасын жеңуге көмектесті. «Сарыарқа» «Торпедоға» қарсы ойында құрғақ жеңіске жетті. «Ақтөбе» «Горняктан» қарымта қайтарды. «Ертіс» Петропавлда сенсация жасай жаздады.

Ойын күнінің бірінші текетіресінде «көшпенділер» өзінің жастау ұяластарын тырп еткізбеді. Жеңімпаздар құрамынан Андрей Рунов қарсыласты үш рет састырды, екі гол Артур Гатиятовқа тиесілі. Ойынның шартты иелері арасынан Абылайхан Сүлейменов дубль жасап, көзге түсті.

«Снежные Барсы» - «Номад» 2:6 (0:1, 1:4, 1:1)

0:1 – 15:32 – Рунов (Михнин, Гусейнов)

0:2 – 21:06 – Рунов (Гусейнов)

0:3 – 22:09 – Мусоров (Пелевин, Мухаметов) ГБ

0:4 – 25:59 – Рунов (Гусейнов, Михнин)

0:5 – 33:10 – Гатиятов (Бойко) ГМ

1:5 – 33:50 – Сулейменов (Морожников) ГМ

2:5 – 50:28 – Сулейменов (Колодюк, Морожников) ГБ

2:6 – 56:47 – Гатиятов (Бойко, Ермак)

Қақпашылар: Павленко (Шефер, 22:09-60:00) – Амирбеков

Степан Грымзиннің жылдам голы алғашқы минутта-ақ «Сарыарқа» мен «Торпедо» арасындағы кездесудің барысын анықтады. Алаң иелері ойын барысын бақылауда ұстап, кезекті жеңісіне шаршамай жетті. Өз активіне құрғақ матчты қарағандылықтардың голкипері Виктор Селивёрстов жазды.

«Сарыарқа» - «Торпедо» 5:0 (3:0, 1:0, 1:0)

1:0 – 00:30 – Грымзин (Рахманов)

2:0 – 15:20 – Анохин (Ларионов)

3:0 – 19:55 – Аноховский (Рахманов, Грымзин)

4:0 – 35:20 – Данияр (Кулиев)

5:0 – 50:07 – Данияр (Ларионов)

Қақпашылар: Селивёрстов – Янков (Осокин, 52:49-60:00)

«Ақтөбе» үшінші кезеңді жақсы өткізіп, «Горняктың» арынын басты. Жеңімпаздар құрамынан Иван Зинченко дубль жасап, көзге түсті.

«Горняк» - «Ақтөбе» 1:4 (0:1, 1:1, 0:2)

0:1 – 05:10 – Иванов (Панков, Егоров)

1:1 – 35:01 – Утебаев (Штефан, Ханьжин)

1:2 – 36:29 – Зинченко (Скатов, Тесленко)

1:3 – 46:27 – Зинченко (Тесленко, Кутугин)

1:4 – 49:13 – Ермолаев (Сошников)

Қақпашылар: Акулинин – Тихонов

«Ертіс» «Құлагермен» матчта үшінші кезеңді екпіндетіп өткізіп, бұл текетіресті сенсациямен аяқтауына болар еді. Алайда алаң иелері ойын аяқталуға 13 секунд қалғанда шайба салып, ойынды овертаймға айналдырды. Нәтижесінде жеңімпаз буллиттер сериясында анықталды: «Құлагер» басым түсті. Жеңіс шайбасы Станислав Логиновқа тиесілі.

«Құлагер» - «Ертіс» 5:4 Б (1:0, 2:1, 1:3, 0:0, 1:0)

1:0 – 04:04 – Логинов (Казаченко)

2:0 – 24:14 – Рамазанов (Первухин, Логинов) ГБ

2:1 – 29:39 – Пак (Атаханов) ГБ

3:1 – 32:14 – Моренец (Власов, Ахметов)

3:2 – 44:19 – Белашов (Пак, Атаханов)

3:3 – 54:59 – Герасимов (Своеволин)

3:4 – 57:26 – Белашов (Атаханов)

4:4 – 59:43 – Ахметов (Власов, Логинов)

5:4 – 65:00 – Логинов ПБ

Қақпашылар: Грязнов – Штукерт