Петропавлдағы сойқан, «Сарыарқаның» жігерлі ойыны

13 qarasha
2050

«Горняк» пен «Ақтөбе» ойыны овертаймға жетті. «Құлагер» павлодарлық қарсыластарын қиналмастан жеңіп салды. «Сарыарқа» «Торпедомен» текетіресте үлкен жігерлілік танытты.

Ойын күнінің негізгі жекпе-жегіндегі шешуші сәттер үшінші кезеңде орын алды. «Сарыарқа» Андрей Янковтың қақпасына саңылау тауып, ойынды өз пайдасына шешті. Жеңіс шайбасы Иван Безруковке тиесілі.

«Сарыарқа» - «Торпедо» 2:1 (0:0, 0:1, 2:0)

0:1 – 30:12 – Шин (Лихотников)

1:1 – 41:06 – Борисевич (Грымзин)

2:1 – 48:25 – Безруков (Борисевич)

Қақпашылар: Селивёрстов – Янков

Рудныйдағы алғашқы матч қосымша бес минутта аяқталды. «Ақтөбе» ойын барысында екі рет есе қайтарды, алайда «Горняк» өз дегенінде тұрып, екі ұпай иеленді. Алаң иелеріне жеңісті Александр Куршук салған дөп соққы сыйлады.

«Горняк» - «Ақтөбе» 3:2 ОТ (0:0, 1:1, 1:1, 1:0)

1:0 – 37:48 – Юлбарисов (Щанкин, Куршук) ГБ

1:1 – 47:13 – Панков (Попов, Захаров)

1:2 – 50:19 – Тесленко (Скатов, Зинченко)

2:2 – 55:19 – Ширяев

3:2 – 63:40 – Куршук (Юлбарисов) ГБ

Қақпашылар: Акулинин – Шаров

«Ертіс» «Құлагермен» кездесудің бірінші кезеңінде-ақ өз қақпасын қорғай алды. Әрі қарай петропавлдықтар ұтымды сәттерді мүлт жібермей, үлкен жеңіске жетті. Құрғақ матчты өз есебіне 23 соққыға тойтарыс берген «Құлагердің» голкипері Вячеслав Нечвиенко жазды.

«Құлагер» - «Ертіс» 6:0 (0:0, 3:0, 3:0)

1:0 – 20:18 – Первухин (Рамазанов, Логинов)

2:0 – 27:09 – Черников (Гевель, Ахметов) ГМ

3:0 – 34:22 – Пальмтаг (Болдин)

4:0 – 47:24 – Колесников (Власов, Казаченко)

5:0 – 49:09 – Макеев (Гевель, Черников)

6:0 – 50:41 – Власов (Емельянов)

Қақпашылар: Нечвиенко – Микушин (Штукерт, 49:09-60:00)