Турдың қаһарманы – Данил Москалёв

12 qarasha
2554

ҚХФ баспасөз қызметі чемпионат барысында өз командаларының жетістікке жетуіне ең үлкен үлес қосқан ойыншылар туралы жарияланымдар топтамасын жалғастырады.

Өткен кезеңнің қаһарманы болып, 8 қараша күні «Арланға» қарсы матчта пента-трикпен көзге түскен «Горняк» өкілі Данил Москалев атанды. Қуантарлығы, Данил қорғаушы бола тұрып, көптеген шабуылшылардың қолынан келе бермейтін нәтиже көрсетті. Және «Горняк» 7:2 есебімен турнир кестесінің көшбасшысы – көкшетаулықтардың өзін жеңіп кетті. Бұл «көкшеліктердің» ағымдағы чемпионатта негізгі уақытта есе жіберген екінші ғана жеңілісі.

«Арланмен» екі матчқа созылған текетірес барысында Москалевтің тиімділік көрсеткіші (+4) құрады.