Бейбарыс овертаймда Алтай Торпедоны жеңді

11 qarasha
1928

«Алтай Торпедо» мен «Бейбарыс» арасындағы екінші кездесу тек қосымша бес минуттан кейін аяқталды.

Кездесудің негізгі уақыты аса нәтижелі өтпей, командалар тең түсті. Ал овертаймда Никита Колесниковтің дөп соққысы атыраулықтарға Өскемендегі екінші жеңісті сыйлады. Қонақтардың голкипері Дмитрий Мальгин қақпаға бағытталған 27 соққыға тойтарыс берді.

«Алтай Торпедо» - «Бейбарыс» 1:2 ОТ (0:1, 1:0, 0:0, 0:1)

0:1 – 14:41 – Закарлюкин (Ананичев Ал.) ГБ

1:1 – 38:15 – Буденчук (Лагунов, Петросян)

1:2 – 62:38 – Колесников (Титов)

Қақпашылар: Нурек – Мальгин