Михаил Дыньков шеттетілді

11 qarasha
3215

QHF республикалық жарыстар өткізу бөлімі 10 қараша күні Өскеменде «Алтай Торпедо» мен «Бейбарыс» командалары арасында өткен матчтың эпизодын қарап, атыраулықтардың қорғаушысы Михаил Дыньковті шеттету туралы шешім қабылдады.

Хоккейшінің кездесудің 6-шы минутындағы қимылы «Қарсыласты хоккей таяғымен итеру» бабына келеді. Бұл эпизодта Дыньковтің хоккей таяғының сабымен қарсыластың басына тигені үшін «Ойын соңына дейін үлкен және тәртіптік айып» қарастырылған. Осылайша, Регламентке сәйкес, ойыншы бір матчтан міндетті түрде, сонымен қатар қосымша тағы бір матчтан шеттетіледі немесе айыппұл төлейді.