«Торпедо» мен «Сарыарқа» көшбасшылар үштігінде, Көкшетаудағы қарымта

9 qarasha
1926

«Сарыарқа» өз алаңында «Ақтөбені» жеңді. «Номад» «Теміртаудың» арынын басты. «Ертіс» өз алаңында «Торпедоға» жол берді. «Арлан» «Горняктан» сенімді түрде қарымта қайтарды.

«Ақтөбе» «Сарыарқамен» түздегі текетірестің алғашқы матчында ойыншылары аластатылып, сүрінді. Қарағандылықтар үш рет артық құрам ұйымдастырып, сенімді түрде жеңіске жетті. Осылайша, Лиганың турнир кестесіндегі үшінші орынға шықты. Михаил Рахманов дубльмен көзге түсті.

«Сарыарқа» - «Ақтөбе» 5:1 (2:1, 2:0, 1:0)

1:0 – 03:24 – Безруков (Борисевич, Хорошев) ГБ

1:1 – 08:33 – Зинченко ГМ

2:1 – 10:01 – Аноховский (Рахманов) ГБ

3:1 – 29:43 – Рахманов (Нургалиев)

4:1 – 39:31 – Рахманов (Полохов)

5:1 – 45:58 – Хорошев (Борисевич) ГБ

Қақпашылар: Селивёрстов – Шаров (Тихонов, 40:00-60:00)

«Номад» пен «Теміртаудың» алғашқы текетіресінде «көшпенділер» дөп түсті. Жеңіс шайбасы Максим Мусоровқа тиесілі. Елордалық ұжым өзінің турнир кестесіндегі жағдайын біршама жақсартып, енді алтыншы қатарда.

«Номад» - «Теміртау» 3:1 (0:0, 2:1, 1:0)

0:1 – 30:12 – Волков (Беляев)

1:1 – 31:39 – Бекетаев (Зубов, Пархоменко)

2:1 – 39:17 – Мусоров (Пелевин, Зубов) ГБ

3:1 – 46:05 – Ермак (Бойко)

Қақпашылар: Шутов – Каратаев

«Ертіс» «Торпедомен» бірінші кездесуде есепті 20-шы секундта-ақ ашты. Жарты матч бойы павлодарлықтар ойынға араласып, қарсыласқа соққы боратты. Алайда әрі қарай қонақтар ширап, өскемендіктер екі сәтін ұтымды пайдаланды. Қоржынға екі ұпай салды. Қарсыласты екі рет састырған Дмитрий Михайлов жеңіс шайбасының авторы атанды.

«Ертіс» - «Торпедо» 2:4 (1:0, 1:2, 0:2)

1:0 – 00:20 – Атаханов (Белашов)

1:1 – 22:02 – Михайлов (Александров)

1:2 – 22:56 – Таталин (Королинский, Шитиков)

2:2 – 29:34 – Габдуллин ГБ

2:3 – 42:02 – Михайлов (Дзедаев)

2:4 – 51:15 – Королинский (Шитиков, Михайлов) ГБ

Қақпашылар: Микушин – Полошков

«Арлан» кешегі жеңілісі үшін «Горнякқа» есе қайтарды және қарсыласты ойсырата жеңді. Көкшетаулықтар бес шайбаның төртеуін артық құраммен салды. Александр Евграфов пен Константин Пархоменко екі дөп соққыдан қанжығаға байлады. Сергей Бердниковтің командасы әзірге ізін қуып келе жатқан командалардан бес ұпай айырмашылығымен алда келе жатыр.

«Арлан» – «Горняк» 5:0 (1:0, 1:0, 3:0)

1:0 – 09:48 – Пархоменко (Володин, Маркелов) ГБ

2:0 – 26:02 – Евграфов (Борисов, Лукин)

3:0 – 40:25 – Евграфов (Акишин, Лукин) ГБ

4:0 – 43:03 – Пархоменко (Боровков) ГБ

5:0 – 47:37 – Лукин (Бердников, Евграфов) ГБ

Қақпашылар: Румянцев (Зыкин, 49:29–60:00) – Акулинин