Пента-трик Данил Москалевтің пента-тригі «Горнякқа» чемпионат көшбасшысын жеңуге мүмкіндік берді.
«Арлан» мен «Горняктың» Көкшетаудағы жекпе-жегі күтпеген нәтижемен аяқталды. Рудныйлықтар ProLigasy көшбасшысын ойсырата жеңді, ал олардың қорғаушысы Данил Москалев бес шайбаның авторы атанды. Бұл –биылғы Қазақстан чемпионатындағы алғашқы пента-трик. Максим Кунишников төрт нәтижелі пас берді.
«Арлан» - «Горняк» 2:7 (0:2, 2:3, 0:2)
0:1 – 00:51 – Москалев (Ширяев, Кунишников)
0:2 – 06:10 – Москалев (Садиков, Кунишников) ГБ
0:3 – 23:40 – Олейников (Садиков, Бархаткин)
1:3 – 28:16 – Лукин (Евграфов) ГБ
2:3 – 32:06 – Лукин (Бердников) ГБ
2:4 – 33:22 – Москалев (Садиков, Кунишников) ГМ
2:5 – 37:24 – Москалев (Галимов, Ширяев)
2:6 – 41:32 – Москалев (Галимов, Кунишников) ГБ
2:7 – 55:59 – Юлбарисов (Шетле, Кротов) ГБ
Қақпашылар: Румянцев (Зыкин, 37:24-60:00) – Акулинин