Алматы Бейбарысты тағы да жеңді

7 qarasha
2061

«Алматы» мен «Бейбарыстың» екінші кездесуінде тағы да оңтүстікастаналық ұжым жеңіске жетті.

Бұл текетіресте үшінші кезең шешуші болып, «Алматы» жеңіске жетті. Жеңімпаздар құрамынан Игорь Ищенко дубль жасады. Олег Шулаевтың командасы кубоктық сегіздік үшін қайта тартысатын болады. Атыраулықтар маусымда екінші рет қатарынан екі матчта жеңіліске ұшырады.

«Алматы» «Бейбарыс» 4:2 (0:1, 1:0, 3:1)

0:1 – 12:32– Гарифулин (Кожевников)

1:1 – 36:07– Ищенко (Лобанов, Сейфулов)

2:1 – 49:04 – Ищенко ГБ

3:1 – 49:33– Кузнецов (Сейфулов, Бурделёв)

3:2 – 56:15 – Титов (Колесников, Дыньков) ГБ

4:2 – 59:19 – Ипатов (Филонов) ПВ

Қақпашылар: Полуэктов – Мальгин