Елордадағы буллиттер, Құлагер өз алаңында жеңді

5 qarasha
3647

«Номад» пен «Снежные Барсы» арасындағы екінші текетіресте жеңімпаз тек буллиттер сериясында анықталды. «Құлагер» «Алтай Торпедоның» арынын басты.

«Номад» пен «Снежные Барсы» арасындағы екінші кездесудің басты қаһармандары – 65 минуттық ойын бойы тек бір реттен шайба өткізген қақпашылар Роман Калмыков пен Максим Павленко. Буллиттер сериясында Александр Высоцкийдің ойыншылары дөп түсті, жеңіс шайбасы Денис Михнинге тиесілі.

«Номад» - «Снежные Барсы» 2:1 Б (0:1, 1:0, 0:0, 0:0, 1:0)

0:1 – 12:20 – Колодюк ГБ

1:1 – 26:09 – Бекетаев

2:1 – 65:00 – Михнин

Қақпашылар: Калмыков – Павленко

«Құлагер» екінші кезеңді сәтті өткізіп, «Алтай Торпедомен» текетіресте екі балл жинады. Жеңіс шайбасы Максим Первухинге тиесілі, ол екінші кезеңнің аяқталуына екі секунд қалғанда, артық құраммен шайба дарытты.

«Құлагер» - «Алтай Торпедо» 4:3 (0:1, 4:2, 0:0)

0:1 – 07:03 – Хоменко (Архипов, Курсакбаев) ГБ

1:1 – 20:18 – Колесников (Логинов, Рамазанов)

2:1 – 21:37 – Пальмтаг (Макеев)

2:2 – 27:07 – Буденчук (Худяков, Скоробогатов) ГБ

2:3 – 31:16 – Петросян (Скоробогатов)

3:3 – 37:59 – Репин (Колесников) ГБ

4:3 – 39:58 – Первухин (Наместников, Болдин) ГБ

Қақпашылар: Кадочников – Нурек