Андрей Спиридонов ойыншы мансабын қайта жаңғыртты

5 qarasha
2182

«Алматының» баспасөз қызметі тәжірибелі шабуылшы Андрей Спиридонов енді командаға тек бапкер ретінде ғана емес, сондай-ақ мұз алаңында да көмектесетінін хабарлады.

Енді 39 жастағы спортшы ойнайтын бапкер қызметін атқаратын болады. Өткен маусымда Спиридонов «Алматы» құрамында ойнап, 33 ойын бойынша 14 ұпай жинады. Жазда Андрей бапкерлікке көшті, алайда енді жанкүйерлер оның ойынын да тамашалай алады.