Номад Снежные Барсы командасын минималды есеп айырмашылығымен жеңді

4 qarasha
2509

«Барыс» жүйесіндегі командалардың алғашқы текетіресінде «көшпенділер» басым түсті.

Шартты алаң иелері кездесудің барысын өз бақылауында ұстап отырды, алайда соңында «Барыстар» «Номад» ойыншыларын біраз састырды. Әйтсе де, «көшпенділер» өз дегенінде тұрып, ұпай бойынша алға кеткен «Құлагерді» қуып жетті. «Номадтың» капитаны Александр Пелевин өз командасы салған барлық шайбаларға атсалысты және 4 (2+2) балл жинады.

«Номад» - «Снежные Барсы» 4:3 (2:1, 1:0, 1:2)

0:1 – 00:17 – Колодюк (Морожников, Есмурзиев)

1:1 – 07:07 – Зубов (Пархоменко, Пелевин)

2:1 – 15:59 – Пелевин (Зубов, Пархоменко) ГБ

3:1 – 28:59 – Пелевин (Пархоменко, Мусоров)

3:2 – 35:11 – Селезнёв (Логвин)

4:2 – 56:17 – Михнин (Бекетаев, Пелевин) ГМ

4:3 – 58:38 – Шульга (Омирбеков, Сапарбек Д.)

Қақпашылар: Забродин – Павленко