Номад пен Снежные Барсы елордада кездеседі, Алматы Бейбарысты қабылдайды

3 qarasha
1822

Бейсенбі хоккейден Қазақстан чемпионатындағы кезекті кезең басталады.

«Номад» - «Снежные Барсы»

«Барыс» жүйесіндегі екі команда елордада жергілікті текетірестің алғашқы раундын өткізеді. «Снежные Барсы» плей-офф аймағынан шығып қалды, команда жетінші болып келе жатқан «Алтай Торпедоға» қосымша көрсеткіштер бойынша жол берді. «Номадтың» жеңісі мен жеңілісі кезектесуде және әзірге үздіктерден көш артта қалып отыр.

«Құлагер» - «Алтай Торпедо»

Қос команда да жекпе-жектерге жақсы көрсеткішпен жетті. «Құлагер» соңғы төрт кездесу бойы ұпай жинап келеді, олардың үшеуі петропавлдықтардың жеңісімен аяқталды. «Алтай Торпедо» тіпті алты матч бойы жеңіліс көрмей келеді.

«Алматы» - «Бейбарыс»

Чемпионат көшбасшыларының бірі оңтүстік астанаға қонақтайды. «Алматы» әзірге ауыс-түйіс кезеңінде, алайда команданың жаңа бас бапкері Олег Шулаевқа команданы тездетіп дағдарыстан шығару қажет. Қазіргі таңда команда сегіздіктен төрт балға артта қалып отыр.