Pro Ligasy-ның қазан айындағы үздік жас ойыншысы «ақтөбелік» Иван Зинченко қуанышты жаңалықты естігеннен кейінгі әсерімен бөлісті.
- Иван, құттықтаймыз! Сен осымен бірнеше рет айдың үздік жас ойыншысы атанып отырсың, тіпті маусымның қорытындысы бойынша үздіктер қатарында болдың. Тұрақты түрде жоғары деңгейде ойнауыңның сыры неде?
- Құттықтауыңызға рақмет! Әрине қуаныштымын, алайда бұл – менің командаластарымның еңбегі. Оларсыз мұндай жетістіктерге жетпес едім.
- Биыл «Ақтөбе» барлығын таң-тамаша етуде. Команда тұрақты түрде ұпай жинап, турнир кестесінің жоғары бөлігінде сенімді түрде алға жылжуда.
- Бізде өте жақсы команда жинақталып қалды. Тәжірибелі хоккейшілер бар, сондай-ақ олардың қасында өсуге талпынатын жас ойыншылар бар. Ұжымдағы ауа райы тамаша. Оның үстіне, басшылық матчтарға толыққанды дайындалуға барлық жағдайды жасап қойды. Жанкүйерлеріміздің қолдауына ерекше алғыс айтқым келеді. Үйдегі матчтар кезінде трибунадағы атмосфера керемет!
- Команданың алдына қандай міндеттер қойылды?
- Біздің негізгі міндет – әрбір матчқа шыққанда жеңіс үшін барымызды салу.
Материалды «Ақтөбе» баспасөз-қызметі әзірледі