Қазан айындағы үздік ойыншылар

2 qarasha
3371

Қазан айының қорытындысы бойынша Қазақстан чемпионатының үздік ойыншыларының тізімін назарларыңызға ұсынамыз.

Үздік қақпашы – Андрей Янков («Торпедо»)

Тәжірибелі қақпашының өзі түлеп ұшқан командаға оралып, екінші тынысы ашылды. Қазан айында ол 8 матчтың 6-ауында жеңіп, өз командасына үздіктер қатарында нығаюға көмектесті. Өткен айда Янков мұзда 465 минут өткізіп, әрбір ойында орта есеппен 1,68 шайба өткізді. Тойтарыс берілген соққылар пайызы – 93,75.

Үздік қорғаушы – Эдгарс Сиксна («Сарыарқа»)

Қарағандылықтардың капитаны кезеңді нәтижелі өткізіп, ProLigasy-ның үздік бомбардир-қорғаушыларының тізімін бастады. Қазан айында ол өткен 10 матчтың 9-ында ұпай жинады. Өткен айда оның қоржынына 14 (2-12) балл қосылып, пайдалылық көрсеткіші +7 болды, ал «Сарыарқа» осы уақыт ішінде 8 рет жеңіске жетті.

Үздік шабуылшы – Дмитрий Гренц («Торпедо»)

Өскемендіктердің форварды қазан айын керемет өткізді және 10 матчтың нәтижесі бойынша 18 ұпай жинады. Қазан басталғалы ол тоғыз кездесу бойы қатарынан балл жинады, бұл дәстүр тек 31 қазан күні үзілді. Жекпе-жектердің бірінде Дмитрий өз қоржынына 5 (1+4) ұпай салды. Қазіргі таңда Гренцтің жиғаны 30 ұпайға жуықтады және Қазақстан чемпионатының үздік бомбардирі саналады.

Үздік жас ойыншы – Иван Зинченко («Ақтөбе»)

Лиганың ең дарынды жас ойыншыларының бірі ересектер деңгейінде ойнап, өз командасына орасан пайда әкелуде. Қазан айында Иван 14 (5+9) ұпай жинады, бұл лиганың барлық ойыншылары арасындағы екінші көрсеткіш. Мұнымен қоса, шабуылшы чемпионаттың ең дөп салғыш ойыншыларының бірі, ол өз соққыларының 21,74%-ын жетер жеріне жеткізеді.