Теміртаудағы шайқас, Өскемендегі қарымта. 31 қазандағы матчтарға шолу

31 qazan
1803

«Сарыарқа» «Теміртауды» ойсырата жеңді. «Номад» ірі есеппен «Ертісті» жеңді. «Арлан» «Торпедодан» қарымта қайтарды.

Екінші жекпе-жекте «Сарыарқа» «Теміртауды» тырп еткізбеді. Саян Данияр дубль жасап көзге түсті, Владислав Кулиев үш нәтижелі пас берді.

«Теміртау» - «Сарыарқа» 0:8 (0:2, 0:2, 0:4)

0:1 – 04:40 – Безруков (Чеботаев, Борисевич)

0:2 – 14:28 – Кожевников

0:3 – 31:06 – Данияр (Сиксна, Кулиев) ГБ

0:4 – 37:31 – Рахманов (Кулиев, Аноховский)

0:5 – 50:34 – Яковлев (Шафеев, Сиксна)

0:6 – 50:40 – Анохин (Аноховский, Полохов)

0:7 – 58:31 – Грымзин (Борисевич, Хорошев) ГБ

0:8 – 59:03 – Данияр (Кожевников, Кулиев)

Қақпашылар: Еремеев – Селивёрстов

«Ертіспен» екінші матчта «Номад» ойын соңына дейін тықсырмады. Бұл кездесуде екінші кезең шешуші болып, павлодарлықтардың қақпасына төрт шайба аттанды. Қарсыласты екі рет Олег Бойко састырды. Денис Михниннің қоржынында нәтижелілік үшін 3 (1+2) балл бар.

«Ертіс» - «Номад» 1:6 (0:1, 0:4, 1:1)

0:1 – 03:24 – Александров (Гайтамиров, Рунов)

0:2 – 22:08 – Нурлан (Мусоров, Тарасенко)

0:3 – 26:11 – Марков (Мусоров, Гусейнов) ГБ

0:4 – 28:03 – Бойко (Михнин, Тетерин)

0:5 – 30:54 – Бойко (Пархоменко, Михнин)

0:6 – 46:27 – Михнин (Тетерин, Пархоменко)

1:6 – 58:56 – Герасимов (Аветисов, Своеволин)

Қақпашылар: Штукерт (Микушин, 28:03 – 60:00) – Забродин

«Арлан» Өскеменнен екі балмен қайтарды. Екінші матчта шешуші шайбаның авторы Ярослав Евдокимов болды. Қонақтардың қақпашысы Илья Румянцев қақпаға бағытталған 27 соққыға тойтарыс берді.

«Торпедо» - «Арлан» 1:2 (0:0, 1:2, 0:0)

0:1 – 30:21 – Пархоменко (Маркелов)

0:2 – 35:03 – Евдокимов (Михайлов, Кокшаров)

1:2 – 38:50 – Королинский (Шитиков, Громов)

Қақпашылар: Янков – Румянцев