Торпедо Арланнан басым түсті. 30 қазандағы матчтарға шолу

31 qazan
1717

«Арлан» маусымда алғаш рет негізгі уақытта жеңіліске ұшырады. «Номад» «Ертістің» арынын басты. «Теміртау» мен «Сарыарқа» жеңімпазды тек овертаймда анықтады.

«Торпедо» мен «Арланның» алғашқы кездесуінде алаң иелері жеңіске жету үшін біршама тер төкті. Шешуші шайбаның авторы – екінші кезеңнің ортасына қарай көпшілік құраммен көзге түскен тәжірибелі Александр Шин. «Арлан» ағымдағы чемпионаттың негізгі уақытында алғашқы жеңілісіне ұшырады. Өскемендіктер осы жеңістің арқасында турнир кестесінің екінші қатарына жайғасты.

«Торпедо» - «Арлан» 2:1 (1:0, 1:1, 0:0)

1:0 – 16:57 – Гренц (Шин, Таталин) ГБ

1:1 – 22:28 – Евдокимов (Кокшаров, Карабань)

2:1 – 31:00 – Шин (Лихотников, Гренц) ГБ

Қақпашылар: Янков – Румянцев

«Ертіс» «Номадпен» матчта ұпай жинауға жақын болды. Алайда үшінші кезеңнің соңғы жағындағы Диас Гусейновтің дөп соққысы «көшпенділерге» жеңіс әкелді.

«Ертіс» - «Номад» 2:3 (1:0, 0:2, 1:1)

1:0 – 01:40 – Шлычков (Камбулов, Гасников)

1:1 – 21:27 – Ермак (Нурлан, Волосенков)

1:2 – 37:34 – Мусоров (Рунов) ГБ

2:2 – 56:04 – Атаханов (Пак, Айдаш)

2:3 – 58:22 – Гусейнов (Волосенков, Гатиятов)

Қақпашылар: Штукерт – Забродин

«Теміртау» мен «Сарыарқаның» жекпе-жегінде командалар жеңімпазды негізгі уақытта анықтай алмады. Есесіне, овертаймның алғашқы минутында Александр Борисевич қонақтарға екі балл әкелді.

«Теміртау» - «Сарыарқа» 4:5 ОТ (1:1, 2:2, 1:1, 0:1)

0:1 – 08:31 – Кулиев (Данияр, Зеленков)

1:1 – 16:24 – Потапов (Попов, Гусейнов)

2:1 – 21:27 – Асуханов (Киселев, Демин) ГБ

2:2 – 21:53 – Сиксна (Чеботаев, Кожевников)

3:2 – 31:50 – Гусейнов (Потапов, Попов) ГБ

3:3 – 38:45 – Безруков (Хорошев, Борисевич) ГБ

4:3 – 49:41 – Жарёнов (Попов, Гусейнов) ГБ

4:4 – 59:12 – Безруков (Борисевич, Сиксна)

4:5 – 60:43 – Борисевич (Сиксна)

Қақпашылар: Еремеев – Ибрагимов