Республикалық жарыстарды өткізу бөлімі статистикалық көрсеткіштер негізінде PRO HOKEI LIGASY хоккейден ағымдағы Қазақстан чемпионатының бірінші айындағы үздік ойыншылардың есімін атады. 19 және 31 қазан аралығындағы кездесулер есепке алынды.
Үздік қақпашы – Максим Сидоров ("Торпедо")
Максим «Торпедоның» чемпионатты сенімді бастауына бірден бір себепкер болды. Сидоров 6 матчтың 6-ауын жеңді, соққылардың 95,9 %-ына тойтарыс беріп, орта есеппен 1,17 шайба өткізді. Сондай-ақ оның қоржынында бір «құрғақ» ойын мен бірнеше маңызды сейвтер бар.
Үздік қорғаушы – Александр Угольников ("Торпедо")
"Торпедо" капитаны бірінші матчтардан-ақ өскемендіктердің осы маусымдағы қорғанысында көшбасшы болатынын дәлелдеді. Угольников өзінің тікелей міндеттерін атқарып қана қоймай, шабуылға да атсалысты. 7 матч бойынша оның нәтижелілігі 7 (5+2) ұпайды құрап, тиімділік көрсеткіші (+4) болды. Айтып өтетін жайт, қазанның қорытындысы бойынша «Торпедоның» 91-ші нөмірі командадағы серіктесі Александр Шинмен бірге лиганың үздік сұр мергені атанды.
Үздік шабуылшы – Захар Пархоменко ("Номад")
Форвард «Номадтың» бас бапкері Александр Высоцкийдің ойын жүйесіне тез бейімделді және «көшпенділер» құрамында басты ойыншылардың біріне айналды. 7 мачтың нәтижесі бойынша Захар өз қоржынына 9 (3+6) ұпай жинап, тиімділік көрсеткіші (+1) болды. Ол салған шайбалардың бірі командаға жеңіс әкелді. «Номадтың» тағы бір шабуылшысы Артур Гатиятовпен бірге Пархоменко қазан айының қорытындысы бойынша чемпионаттың үздік бомбардирі атанды.
Үздік жас ойыншы – Диас Гусейнов ("Снежные Барсы")
Елордалық ұжымның көшбасшысы өткен маусымда ЖХЛ-да өзінің пісіп-жетілгенін және ересектер деңгейінде ойнай алатынын дәлелдей бастады. Чемпионаттың бастапқы кезеңінде Диас 6 кездесудің 5-еуінде ұпай жинады. Осы уақыт ішінде ол нәтижелілігі үшін 7 (3+4) балл жинап, қазан айының үздік бомбардирлерінің ондығына кірді. Сондай-ақ, Гусейнов ойын уақыты бойынша өз командасында көшбасшылардың бірі болып табылады.