Құлагердің бапкері Виталий Диденко кір спортынан әлем чемпионатының жүлдегері атанды

30 qazan
1559

21 және 24 қазан аралығында Венгрияда кір спортынан әлем чемпионаты өтті.

Турнирге қатысушылардың бірі – «Құлагердің» дене дайындығы жөніндегі бапкері Виталий Диденко. Танымал петропавлдық атлет кезекті рет өз деңгейін әлемдік деңгейде растап, классикалық қоссайыста қола иеленді. Айтып өтетін жайт, Қазақстан құрамасы қорытынды командалық есепте үшінші орын алды.

Фото – «Құлагердің» баспасөз қызметі