Буяльский Теміртауда, Полошков Торпедода

29 qazan
1465

Назарларыңызға Pro Ligasy-дағы өткен кезеңнің ең қызықты ауыс-түйістерін ұсынамыз.

«Теміртау» маусымда екінші рет бас бапкерін ауыстырды

Сары-қаралар Батыс Қазақстанға жасаған сапарының аясындағы соңғы матчтарды сәтсіз өткізді, осыдан кейін команданың баспасөз қызметі жаңа бапкерді тағайындау туралы хабарландыру жасады. Данияр Ахметовті бұл постта қарағандылық хоккейсүйгіштерге жақсы таныс Виктор Буяльский алмастырды. Ол бұған дейін «Қыран» жастар командасымен жұмыс жасады.

«Торпедо» Полошковты бірінші командаға ауыстырды

Тәжірибелі голкипер маусымды «Алтай Торпедо» құрамында бастап, онда 14 матч өткізді. Енді Иван мансап жолын бірінші командада жалғастырмақ. Өскемендіктердің жаңа ойыншысы – самаралық ЦСК ВВС-дан Қазақстан чемпионатына көшкен қорғаушы Владислав Воропаев.

Скоробогатов «Алтай Торпедоға» ауысты

Омскінің 20 жасар ойыншысы маусымды ЖХЛ-да өнер көрсететін жаңа «Омские Крылья» командасымен бастады. Бұған дейін қорғаушы Жастар хоккей лигасында 150-ге жуық матч өткізді.

«Алматы» Чиглинцевпен қош айтысты

Тәжірибелі шабуылшы биыл жазда оңтүстікастаналық команда сапын толықтырып, «Алматы» құрамында Қазақстан чемпионатының 13 чемпионатына қатысып үлгерді. Осы уақыт ішінде 3 (1+2) балл жинады.