Қазақстан чемпионаты ойын күнінің жалғыз жекпе-жегінде «Снежные Барсы» овертаймда «Құлагерді» жеңді.
Елордалық ұжым «Құлагермен» ойын барысында екі рет есеп бойынша алға шықты. Алайда петропавлдық ұжым Владислав Болдиннің дублінің арқасында ойынды овертаймға айналдыра білді. Дегенмен елордалықтар қосымша бес минуттың басында-ақ Әлихан Өмірбековтің дөп соққысының арқасында жеңісті жұлып әкетті.
«Снежные Барсы» - «Құлагер» 3:2 (1:0, 1:1, 0:1, 1:0)
1:0 – 13:59 – Кенесбай (Шульга, Сапарбек Д.)
1:1 – 22:01 – Болдин (Наместников, Макеев)
2:1 – 24:32 – Селезнёв (Оспанов, Логвин)
2:2 – 41:54 – Болдин (Васильев, Макеев)
3:2 – 60:17 – Омирбеков (Колодюк, Алибек)
Қақпашылар: Павленко – Нечвиенко