Торпедо мен Арланның жеңістері

27 qazan
2103

«Торпедо» екінші рет «Номадты» жеңді. «Ертіс» «Арланмен» жекпе-жекте ұпай жинады.

«Көшпенділер» бірінші кезеңді сәтті өткізгендеріне қарамастан, олардың «Торпедоға» шамасы жетпеді. Алаң иелері үшінші кезеңді екпіндетіп өткізіп, жеңісті қанжығаға байлады. Жеңімпаздар құрамынан Дмитрий Шитиков дубль жасады.

«Торпедо» - «Номад» 5:2 (0:2, 2:0, 3:0)

0:1 – 19:06 – Рунов (Бойко, Касенов)

0:2 – 19:45 – Тарасенко (Нурлан)

1:2 – 21:08 – Шитиков (Королинский)

2:2 – 28:50 – Кучин (Лихотников, Шин) ГБ

3:2 – 45:28 – Гренц (Таталин, Шин)

4:2 – 46:37 – Куянов (Игнашин, Дерзаев)

5:2 – 59:40 – Шитиков (Королинский)

Қақпашылар: Полошков (Янков, 20:00-60:00)

Павлодарлықтар «Арланмен» екінші матчта жеңілістен негізгі уақытта құтылып, буллиттер сериясына жетті. Алайда бұл тұста көкшетаулықтар дөп түсіп, турнир кестесінің бірінші қатарындағы орнын нығайтты.

«Ертіс» - «Арлан» 2:3 Б (0:0, 1:2, 1:0, 0:0, 0:1)

1:0 – 21:35 – Карпов (Герасимов)

1:1 – 29:10 – Боровков (Михайлов) ГБ

1:2 – 31:23 – Евграфов (Тарасов, Евдокимов)

2:2 – 56:19 – Своеволин (Карпов)

2:3 – 65:00 – Маркелов ПБ

Қақпашылар: Микушин – Забродин