«Торпедо» үлкен еңбекпен «Номадпен» матчта жеңіске жетті. «Арлан» «Ертісті» ойсырата жеңді.
«Торпедо» «Номадпен» ойынның үшінші кезеңінде ойын барысын өзгертіп, қатарынан үшінші жекпе-жекте жеңіске жетті. Шешуші шайбаның авторы – Дмитрий Михайлов. «Көшпенділер» құрамынан Роман Ермак дубль жасап, көзге түсті.
«Торпедо» - «Номад» 5:3 (1:1, 0:0, 4:2)
0:1 – 01:18 – Ермак
1:1 – 07:20 – Гренц (Лихотников, Шин)
1:2 – 43:09 – Александров (Пархоменко, Пелевин) ГБ
1:3 – 45:12 – Ермак (Тарасенко)
2:3 – 45:36 – Куянов (Михайлов, Шуленин)
3:3 – 48:53 – Кучин (Шин, Гренц) ГБ
4:3 – 49:55 – Михайлов (Шитиков)
5:3 – 59:34 – Королинский (Шитиков) ПВ
Қақпашылар: Янков – Калмыков
«Арлан» «Ертіспен» кездесудің бірінші кезеңінде-ақ кім жеңетінін байқатты. Чемпионат көшбасшысы жас павлодарлықтарды тырп еткізбеді. Бұл ретте көкшетаулықтар бүгінгі таңда Лиганың ең нәтижелі командасы болып отыр. Қарсыласты екі рет Роман Бердников састырды.
«Ертіс» - «Арлан» 1:6 (0:3, 1:2, 0:1)
0:1 – 10:15 – Бердников (Лукин, Евграфов) ГБ
0:2 – 11:00 – Маркелов (Боровков, Пархоменко)
0:3 – 16:33 – Акишин (Гребенщиков, Бердников)
1:3 – 20:21 – Атаханов (Белашов, Нестеров)
1:4 – 21:57 – Жуков
1:5 – 28:13 – Смолянский (Гребенщиков, Кусайын)
1:6 – 44:08 – Бердников (Евграфов) ГБ
Қақпашылар: Микушин – Зыкин (Чепец, 48:21-60:00)