Ақтөбе алтыншы рет қатарынан жеңді, Бейбарыс 13-секундта гол салды. 25 қазандағы матчтарға шолу

25 qazan
1481

«Алтай Торпедо» «Снежные Барсы» командасын екінші рет жеңді. «Құлагер» оңтүстік астанадан төрт балмен қайтты. «Ақтөбе» «Теміртауды» тағы да тырп еткізбеді. «Горняк» «Бейбарысқа» соққыны боратты.

«Алтай Торпедо» мен «Снежные Барсы» командаларының екінші жекпе-жегінде де алаң иелері жеңді, олар әр кезеңде бір нәтижелі шабуылдан ұйымдастырды. Қонақтар кездесу аяқталуға таяғанда, құрғақ жеңілістен құтылды.

«Алтай Торпедо» - «Снежные Барсы» 3:1 (1:0, 1:0, 1:1)

1:0 – 08:03 – Буденчук (Скоробогатов, Хоменко)

2:0 – 30:40 – Архипов (Кожевников)

3:0 – 40:56 – Белохонов (Синицын, Гурин)

3:1 – 58:09 – Омирбеков (Бреус)

Қақпашылар: Нурек – Павленко (Шефер, 43:00-60:00)

«Құлагер» «Алматымен» екінші матчың басын жақсы өткізіп, екінші жеңіске қол жеткізді. Шешуші шайбаның авторы – Данияр Хасенов. Петропавлдықтардың қақпашысы Данил Кадочников қақпаға бағытталған 28 соққыға тойтарыс берді.

«Алматы» - «Құлагер» 1:3 (1:2, 0:1, 0:0)

0:1 – 03:15 – Ахметов (Хасенов, Черников) ГБ

0:2 – 15:20 – Хасенов (Черников)

1:2 – 16:44 – Бурделёв (Тунхузин) ГБ

1:3 – 37:43 – Казаченко (Власов, Гевель)

Қақпашылар: Мельников – Кадочников

«Бейбарыс» «Горнякпен» матчтың 13-секундында есеп ашты. Бұл Қазақстан чемпионаты тарихындағы ең жылдам салынған шайбалардың бірі болды. Әрі қарай алаң иелері үстемдіктерін асыра түсті. Алайда «Горняк» ойын соңында қарсыласты қобалжытты. Дегенмен атыраулықтар финалдық ысқырық естілгенше есеп айырмашылығын сақтап қала білді. Жеңіс шайбасы Александр Ананичевке тиесілі.

«Бейбарыс» - «Горняк» 3:2 (2:1, 0:0, 1:1)

1:0 – 00:13 – Курепанов (Воробьёв, Гатин)

2:0 – 05:02 – Кожевников (Григоркевич)

2:1 – 17:56 – Юлбарисов (Москалев, Штефан)

3:1 – 48:18 – Ананичев Ал. (Ананичев Ар.)

3:2 – 51:05 – Кротов (Гурьев, Юлбарисов) ГБ

Қақпашылар: Хозяшев – Скрынников

«Ақтөбе» қатарынан алтыншы матчын жеңіп, көшбасшылар үштігінде нығая түсті. «Теміртаулықтар» екінші ойында қарсыласқа қарсы мардымды жауап бере алмады. Данияр Ахметовтің ұжымы қатарынан төртінші кездесуде жеңіліс тапты.

«Ақтөбе» - «Теміртау» 6:1 (3:0, 2:0, 1:1)

1:0 – 01:13 – Сошников (Воронин, Панков)

2:0 – 16:45 – Скатов (Зубковский, Киселёв)

3:0 – 18:09 – Панков ШБ

4:0 – 34:14 – Попов (Беляев)

5:0 – 36:50 – Егоров (Кутугин, Потайчук) ГБ

6:0 – 44:08 – Зубковский (Скатов, Тесленко) ГБ

6:1 – 49:25 – Чапоров (Селиванов) ГМ

Қақпашылар: Тихонов – Еремеев (Коваль, 36:50-60:00)