Бейбарыс пен Ақтөбе үштікте. 24 қазандағы матчтарға шолу

24 qazan
1846

«Құлагер» «Алматыны» ірі есеппен жеңді. «Алтай Торпедо» «Снежные Барсы» командасын минималды есеппен жеңді. «Бейбарыс» «Горнякты» тырп еткізбеді. «Ақтөбе» «Теміртаудан» жеңісті жұлып әкетті.

«Құлагер» үшінші кезеңді екпіндетіп өткізіп, «Алматыны» ойсырата жеңді. Алаң иелері 40 минут бойы ойынға белсене қатысты, алайда үшінші кезеңде петропавлдықтар бес гол салып, жеңімпаздың кім болатыны түсінікті болды. Қорғаушы Даниил Васильев дубль жасап, көзге түсті.

«Алматы» - «Құлагер» 1:7 (0:1, 1:1, 0:5)

0:1 – 08:52 – Репин (Власов)

1:1 – 28:08 – Тунхузин (Баженов, Бурделёв) ГБ

1:2 – 34:53 – Наместников (Пальмтаг, Васильев) ГБ

1:3 – 43:04 – Богацкий (Болдин, Власов)

1:4 – 49:38 – Васильев (Хасенов, Черников)

1:5 – 50:26 – Казаченко (Крашенинин, Макеев)

1:6 – 50:51 – Хрипков (Крашенинин, Фролов)

1:7 – 54:41 – Васильев (Наместников, Макеев) ГБ

Қақпашылар: Мельников (Шалманов, 44:01-50:51) – Грязнов

«Алтай Торпедо» мен «Снежные Барсы» қақтығысында барлығын үшінші кезеңде Артём Перов салған бір шайба шешті. Алаң иелерінің голкипері Иван Полошков қақпаға бағытталған 16 соққыға тойтарыс беріп, құрғақ матчты өз есебіне жазды.

«Алтай Торпедо» - «Снежные Барсы» (0:0, 0:0, 1:0)

1:0 – 47:53 – Перов (Каиров)

Қақпашылар: Полошков – Павленко

«Бейбарыс» «Горнякпен» кездесуді айтарлықтай сенімді өткізіп, қарсыластарға қақпасын бір-ақ рет алдырды. Қарсы қақпаға бес шайба дарытты, олардың екеуі Артём Ананичевке тиесілі.

«Бейбарыс» - «Горняк» 5:1 (2:0, 0:1, 3:0)

1:0 – 11:57 – Ананичев Ар. (Ананичев Ал., Рыжий)

2:0 – 14:35 – Ананичев Ар. (Ананичев Ал., Москалев)

2:1 – 38:43 – Штефан (Бархаткин)

3:1 – 41:35 – Кожевников (Гарифулин)

4:1 – 55:06 – Воробьев (Ананичев Ар., Гатин)

5:1 – 58:20 – Титов (Клочков)

Қақпашылар: Хозяшев – Акулинин

«Теміртаулықтар» «Ақтөбемен» ойын барысында екі шайба артта қалып келе жатқан жерінен есе қайтарды. Алайда алаң иелері Иван Зинченко жасаған дубльдің арқасында дегенмен жеңісті жұлып әкетті, аталмыш ойыншы алдымен матчта есеп ашты, кейін аз құраммен ойнау барысында жеңіс шайбасының авторы атанды.

«Ақтөбе» - «Теміртау» 3:2 (1:0, 1:2, 1:0)

1:0 – 19:43 – Зинченко (Скатов)

2:0 – 20:39 – Тесленко (Скатов, Зинченко)

2:1 – 22:49 – Потапов (Попов)

2:2 – 26:22 – Белоцкий

3:2 – 44:03 – Зинченко ГМ

Қақпашылар: Шаров – Еремеев