Турдың қаһарманы – Оскар Юлбарисов

3 qarasha
1397

ҚХФ баспасөз қызметі PRO HOKEI LIGASY-ның көзге түскен ойыншылары туралы жарияланымдар топтамасын жалғастырады.

Өткен кезеңнің үздік ойыншысы – «Горняк» өкілі Оскар Юлбарисов. Рудныйлықтардың шабуылшысы өткен турда 4 (1+3) ұпай жинап, «Ертіске» қарсы ойында өз командасының жеңіске жетуіне елеулі үлес қосты.

Бірінші кездесуде 17-ші нөмірлі ойыншы өз командасындағы төрт шабуылдың үшеуіне қатысып, үш рет нәтижелі гол берді. Екінші кездесуде Юлбарисов «Горняк» шайбаларының бірін салды. Екі ойындағы тиімділік көрсеткіші (+4) құрады.