Турдың қаһарманы – Алексей Клочков

23 qazan
2048

ҚХФ баспасөз қызметі чемпионат барысында өз командаларының жетістігіне ең үлкен үлес қосқан ойыншылар туралы жарияланымдар топтамасын жалғастырады.

Кезекті турдың қаһарманы – «Бейбарыстың» өкілі Алексей Клочков. Атыраулық ұжым өз алаңында «Теміртаумен» екі мықты матч (8:1 және 8:0 есебімен жеңді) өткізіп, шабуылшы өзінің ұпай қоржынын айтарлықтай толтырды. Бірінші ойында Алексей көпшілік құраммен шайба салып, екі рет әріптестеріне пас берді. Екінші жекпе-жекте Клочков хет-триктің авторы атанды.

«Бейбарыс» екі табысты матчтан кейін үздіктер үштігінде нығая түсіп, чемпионатта екінші болып келе жатқан «Сарыарқаға» қосымша көрсеткіштер бойынша ғана жол беріп келеді.